Бұл не деген керемет!


Иә, өмірде кереметтер болып тұрады.

Уордпрес қайта келді, өз басым қатты қуанып жатырмын.  Кім не десе де, осы уордпрестің негізінде жастардың көпшілігі блог жүргізді,  көп нәрсеге үйренді, кеңістіктерін кеңейтті, сайттар жасады. Қазір өздерінше болып «мен оған мұқтаж емеспін» деп отырса да, бастауын осы жерден алды.

Уордпресс ыңғайлы, оңай жүргізілетін блог тұғыр болып табылады. Тап осындай блог тұғырды бізде ешкім жасап шығармайды, сондықтан оны жауып тастамай, еркін қолдануға мүмкіндік бергенге не жетсін.

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар

Жаңа оқу жылы басталды


Жаңа оқу жылы басталды. Құтты болсын!
Жаңалыққа, жаңа жетістіктерге толы жыл болсын!

Пікір қалдыру

Filed under Жаңалықтар

Жақсылық


Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді
Шығарамын сөзімнен.
-деп жазған екен С.Торайғыров.

Ұмытып қалмайын деп жазып қойдым.

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Қазақ әдебиеті, қызық үшін

Cурет көрмесі


Бүгін уордпрессті мегалайнмен аша алу мүмкіндігі қайта берілген екен, басқаларымен қосылып мен де қуанып қалдым 🙂 Өткенде блогымды басқа жерге көшірейін десем көшпей қойып еді, сонысы да дұрыс болды ма, әйтеуір қайтадан іске қосылғаны жөн екен деп, қайтадан жабылып қалмай тұрған кезде мына суреттерді тіркеп қояйын 🙂

Бұл біздің мектеп оқушыларының бейнелеу өнері пәнінен жыл бойы жасаған жұмыстарының көрмесі.

This slideshow requires JavaScript.

4 пікір

Filed under Жаңалықтар, Суреттер, қызық үшін

Жамбыл мұражайы


Оқушыларымызбен бірге бесінші маусымда Ұзынағаштағы Жамбыл ауылында орналасқан мұражайға бардық. Осы сапардан суреттерді көріңіздер. Бармасаңыздар да барғандай болыңыздар . (Суреттер тағы қосылады) Суреттер қосылды.

This slideshow requires JavaScript.

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, Қазақ әдебиеті, қызық үшін