Мен


Тіл маманы болғандықтан енді осы салаға байланысты тақырыпта жазатын болармын (бұрын бұл блогты көргендер тақырыптың аздап өзгеше болғанын біледі 🙂 ). Көбінесе қазақ тілін оқыту барысында жасап жатқан материалдарыммен бөлісіп отырармын. Кезінде блог бастап қойған соң, тағы біреуін бастаудың жөні жоқ, сондықтан атауы «әдебиет» боп қала береді.

Адамның өзгере беретінінің тағы бір дәлелі, 2007 жылы блог бастағанда төмендегі сөздерді жазыппын ғой 🙂

Бұл блогты бастағанда «әдебиет саласындағы сыйлықтар, жүлделер» тақырыбына жазармын деп ойлағанмын. Бірақ тақырыптан ауытқып кеткенімді мазмұнынан-ақ көрерсіздер.Тек қана көркем әдебиет емес, адамның даму деңгейіне әсер ететін психологиялық, философиялық, кәсіби, мамандандырылған кітаптар туралы да жазғым келеді.
Сіздерге де өзіме де сәттілік тілеймін.

Құрметпен Бақытгүл Салыхова B.Salykhova@gmail.com

16 responses to “Мен

  1. Bul jaksy boliti… WordPress=ke koshkeniniz Sebebin artynan aitamin.Surpriz 🙂

  2. Қонысыңыз құтты болсын!

  3. Блогыңыз құтты болсын, аударған әңгімелер болса, жіберіп тұрсаңдаршы

  4. Bakytgul Salykhova

    Рахмет 🙂

  5. 2010 жылы сәуір мен 2011 жылдың ақпанына аралығында блогтың құпия сөзін ұмытпағаныңызға таңым бар. 1 жылдан кейін жалғастырыпсыз, қызық!

  6. Тіл өзекті тақырып қой, себебі барлығы тілден бастау алады дегендей. Кеп тұратын боламын. Оның ішінде Қазақ тілі өмірлік азық болатындай ғой, қазақшамызды байыта түс, біз білмейтін тіркестерді төрге тарт. Атыңды таба алмадым, достым?

  7. Соңғы өзгерістер жасап жүрген кезде байқамай өшіріп тастаған болармын. Қайтадан қосып қойдым 🙂

  8. Бахытгүл, блогыңа өзің автор болған кітабың туралы да жазуды ұмытпа. Ол құнды әрі пайдалы еңбек қой.

  9. Қайтарма үнқосу: Twitter қазақшалансын десеңіз… « Өрімтал

Пікір қалдыру