Балалар күні


Оқу жоспарымыз басқа мектептерден өзгеше болғандықтан біздің мектеп әлі оқу жылын аяқтаған жоқ.

Дегенмен бүгін 1 маусым  – балаларды қорғау күні екенін ұмытқан жоқпыз.

Осы күнгеарнап оқушылармен ашық хаттар, құттықтаулар жазып, суреттер салған едік. Соны тамашалап көріңіздер.

This slideshow requires JavaScript.

 

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, балалар әдебиеті, Құттықтаймын, қызық үшін

Қазақша анимациялардың суреттері


Бір-екі күн бұрын мынадай пікір кеп түсті: «Салеметсиздерма! Осы казакша анимациялардын суретин кайдан алуга болады??? Мумкиншилик болса менин поштама бирнешеуин тастсаныздар?!
»
Поштама салып жіберіңізші дейтіндерді көп түсінбеймін (пікір жазған адам ренжімейді деп ойлаймын), дегенмен осындай сұраныс болса көмектесуге тырысайын деп іздеп көрдім. Сөйтсем көп болмаса да, суреттерді табуға болады екен. Соларды жинақтап салып отырмын. Біреу болмаса біреуге септігі тиер.

Сонымен бірге мына жерден кейбір мультфильмдерді көре аласыздар: http://kazkino.ucoz.com/load/multfilmder/2-2-2

Егер сіздер басқа да суреттерге сілтемелерді білсеңіздер, пікір түрінде қалдыруларыңызды сұраймын. Көп рахмет!

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, балалар әдебиеті, қызық үшін

10 тақия


Оқушыларымның жасаған жұмыстарымен бөлісейін. Жақында «10 тақия» мультфилін көріп, түрлі тапсырмалар жасаған болатынбыз. Соңында комикс немесе кітапша дайындаулары керек еді. Нәтижесі мынадай

 

7 пікір

Filed under Басқа ойлар, балалар әдебиеті, қызық үшін

Оқуға ұсынамын


Сәуірде дүниежүзілік кітап күні болғанын айтқан болармын, оқушыларыммен осыған байланысты түрлі тапсырмалар жасадық. Соның бірі «Оқуға ұсынамын» жобасы еді.

 

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Кітаптар, балалар әдебиеті, Құттықтаймын, қызық үшін

Ғарышкермен кездесу


Мектебімізде өткен жұма (22 сәуір) тарихи күн болды. Оқушылармен кезедесуге Тоқтар Әубәкіров келді.

Балалар түрлі сұрақтар қойды, үлкеннің ойына келмейтін сұрақтар болды. Көп сұрақтың ішінде мені елең еткізгені  «Космоста жұлдыздар әдемі ме?»  

Мынау осы кездесуден бір-екі сурет.

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар

Қазақ халық музыкасының концерті


Алматыда 8 сәуірде  «Қазақ халық музыкасының концерті» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  Үлкен концерттік залында (Абылай хан көшесі, 90) болып өтті.

Концертке Ақзере, Балдырған, Мақпал, Балжан, Аспаздық,  Бағдаш пен Меруерт барған едік.

Осы концерттен шағын үзінді

9 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, видео материалдар, қызық үшін

Қызық болсын


4 пікір

Filed under Uncategorized