Tag Archives: kazakh

Қазақ халық музыкасының концерті


Алматыда 8 сәуірде  «Қазақ халық музыкасының концерті» Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының  Үлкен концерттік залында (Абылай хан көшесі, 90) болып өтті.

Концертке Ақзере, Балдырған, Мақпал, Балжан, Аспаздық,  Бағдаш пен Меруерт барған едік.

Осы концерттен шағын үзінді

Advertisements

9 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, видео материалдар, қызық үшін

Қызық болсын


4 пікір

Filed under Uncategorized

Азаю мен көбею


2011 жылдың қаңтар мен ақпан аралығында MySpace-тің қолданушылары 73 миллионнан 63 миллионға азайыпты. Салыстырып қарасақ 2010 жылдың ақпанында олардың 110 млн. қолданушысы болған.

 Lady Gaga-ның туиттерде артынан ерушілері 9 миллионға жетіпті. Ол осы әлеуметтік жүйеде ең танымал адамдардың бірі. Туиттерге 2008 жылы қосылған. Ал Facebook та оның 31 млн. жанкүйері бар екен.

3 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, аударма, қызық үшін

Атамекен


Қазақ тілі сабақтарында үйренетін әндеріміздің бірі «Атамекен». Өзім ән айтпайтын болғандықтан, оқушыларға өлең айтқызып үйрету оңай емес.
Өлең айтып түрған әншімен қосылып айтқызу да кейде жақсы нәтиже бермейді.

Жұмысыма оңай болсын деп, әннің минусовкасын алып осы файлды жасадым. Бір сабақта бәрін үйрену міндет емес, шумақ-шумақтап үйреніп жатырмыз.

3 пікір

Filed under Балалар әндері, қызық үшін

Tylki men kymira


Kompiuterimdi aktarip otirip 2008 zhyli zhasagan mina faildi tayip aldim.

Kylip otirmin. En birinshi tazhiribem bolgan goi. Kei zherde zhazilgan soz ben dibistalyi saikes kelmeidi, sonda da yrisa kormenizder.

PS: bygin kompim latin aripterinen baskani ymitip kalipti

Пікір қалдыру

Filed under Uncategorized

Баркемп+Алматы


Алматыда өтіп жатқан баркемп туралы мына жерлерде:

http://maqpal.wordpress.com/2010/04/17/баркэмп-шілер/

http://urimtal.wordpress.com/2010/04/17/17-april-2010-1848/

http://arsenal777.wordpress.com/2010/04/21/төртінші-баркемпім/

Пікір қалдыру

Filed under Жаңалықтар

To be or not to be?


Қағаздарымның арасына бір кездері жазып қойыппын, аударманы кім жасағанын, өкінішке орай білмейді екенмін.

Болу яки бордай тозу –

Бар сауалдың түйіні.

Сұм тағдырдың соққысына

Үнсіз төзу иә бұлқыну.

Бес қаруға қол созу,

От құшуға, оққа ұшуға

Басты тігіп ұмтылу …

4 пікір

Filed under Басқа ойлар, аударма