Tag Archives: мектеп

Cурет көрмесі


Бүгін уордпрессті мегалайнмен аша алу мүмкіндігі қайта берілген екен, басқаларымен қосылып мен де қуанып қалдым 🙂 Өткенде блогымды басқа жерге көшірейін десем көшпей қойып еді, сонысы да дұрыс болды ма, әйтеуір қайтадан іске қосылғаны жөн екен деп, қайтадан жабылып қалмай тұрған кезде мына суреттерді тіркеп қояйын 🙂

Бұл біздің мектеп оқушыларының бейнелеу өнері пәнінен жыл бойы жасаған жұмыстарының көрмесі.

This slideshow requires JavaScript.

Advertisements

4 пікір

Filed under Жаңалықтар, Суреттер, қызық үшін

Атамекен


Қазақ тілі сабақтарында үйренетін әндеріміздің бірі «Атамекен». Өзім ән айтпайтын болғандықтан, оқушыларға өлең айтқызып үйрету оңай емес.
Өлең айтып түрған әншімен қосылып айтқызу да кейде жақсы нәтиже бермейді.

Жұмысыма оңай болсын деп, әннің минусовкасын алып осы файлды жасадым. Бір сабақта бәрін үйрену міндет емес, шумақ-шумақтап үйреніп жатырмыз.

3 пікір

Filed under Балалар әндері, қызық үшін

«Қар қандай болады?»


Қазақ тілін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларыма арнап жасаған жұмыстарымды тек өз компьютерімде сақтай бермей, блогқа да жариялауды жөн көріп отырмын.

Бұл ертегіні қазақ тілін екінші тіл ретінде оқып жатқан 5-8 жасар оқушылармен тыңдағанбыз. Әрине бұған дейін мәтінмен жұмыс түрлерін орындаған болатынбыз.

Пікір қалдыру

Filed under видео материалдар

Сәлем


Біраз жазбаған едім, енді блогтың атауын да өзгертсе болар 🙂

Сонымен не өзгерді:

жұмысым;

айналамдағы адамдар;

Білесіздер ме?

1. «8&8» баспасының мекен-жайы мен телефонын;

2. «Балалар әндерінің» жинағын (СD)

3. Қазақ тіліндегі Қазақстанда шығарылған мультфильмдерді  ҚАЙДАН алуға болатынын білесіздер ме?

Алматыда жаңа мектеп ашылғанын естіген боларсыздар. Содан видеоны көрулеріңізге болады.

Haileybury Almaty Video 

9 пікір

Filed under Жаңалықтар