Tag Archives: кітап

Кітап күні


Ертең 23 сәуір Дүниежүзілік кітап күні (World Book Day) екенін білетін боларсыздар.

Осыған орай мектебімізде түрлі шаралар өтеді, сонымен бірге  ертең оқушыларға мектеп формасының орнына танымал шығармалардағы кейіпкерлердің киімінде келуге ұсыныс жасалды, осыған мұғалімдер де қосылады деп күтілуде.

Сонымен ертең маған ұнаған кейіпкерлер болса, суреттерін осы жерден көре аласыздар.

Advertisements

Пікір қалдыру

Filed under Жаңалықтар, Конкурстар, Кітаптар

Кітап сөресі


Осындай кітап сөресі үйімде болса ғой деп отырмын …

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, қызық үшін

Мынадай да кітап бар


Валерий Воскобойников. Жизнь замечательных детей. Книга 3. М.: Оникс, 2008

2 пікір

Filed under Кітаптар

Шетелдік орыс тілді әдебиет


Балтық және ТМД елдерінің орыс тілінде жазатын жазушыларына кезекті сыйақы берілді. Осы жылы проза номинациясында жеңімпаз болып «Там город золотой» романы үшін Молдавиядан Владимир Лорченков аталды.

Төрелер алқасын басқарған Шыңғыс Айтматов.

Жеңімпаз атанған роман – миграция туралы. Автордың айтуынша Молдавияда 4 миллион адам тұрады, соның 1 миллионы отбысын асырау үшін басқа елдерге барып жұмыс істейді. «Шын мәнінде бұл трагедия, балалар әке-шешесін көрмей өсуде. Екінші жағынан бұл күлкілі сюжет, молдавандардың Италияға қалай баратынын суреттейді. Сонымен бірге бұл роман арман, арманның артынан қуған адамдар туралы »

Пікір қалдыру

Filed under Конкурстар, Кітаптар

Тілді кім зерттейді


Алдыңғы кітапты талқылап жатқан блогта мынадай пікір қалдырылыпты. Орыс тілінің мәселесіне орыс лингвистінің көзқарасын тыңдағым келеді деген пікірге, былай жауап беріпті:

Сначала был великим Даль,
теперь великий – Розенталь.
Да, языку, ну как назло,
на русских явно не везло.
Был Бодуэн де Куртене
а рядом с ним, спина к спине,
в Берлине Фасмер издал встарь
этимологический словарь.
Потом пришел Бархударян,
его земляк Ованесян.
Любой нерусский уж привык
нам диктовать родной язык.
Но удивляется народ:
язык – вот чудо-то! – живет.
Хотя над ним работал Даль,
Бархударян и Розенталь. (Стих не мой. Одного диктора со старого еще «Маяка»)

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Кітаптар, аудармасы жоқ

Былтырғы кітап сөресінен


Тіл мәселесі қай елде болса да маңызды рөл атқарады. Зерттеулер жүргізіліп, түрлі кітаптар шығарылып жатыр. Солардың бірі: «Максим Кронгауз. Русский язык на грани нервного срыва. — М.: Знак: Языки славянских культур, 2007»

Кітапты оқыған жоқпын (біздің кітап дүкендерінде жоқ сияқты), тек интернеттегі пікірлерді оқыдым.

Мына жерден М.Кронгаузбен сұқбатты оқыңыз.

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Кітаптар, аудармасы жоқ

Әдебиет + комикс


Бельгия жазушысы Уиллем Элсхоттың (Willem Elsschot, 1882-1960) танымал «Cheese» повесін комикс түрінде шығарыпты. Комикс суретін салған голланд суретшісі Дик Матена.

Бұл туралы мына жерден оқысаңыздар болады.

Матена бұған қоса Херард Реве, Хемингуэй және Сартрдың шығармаларын да комикске аударған.

Пікір қалдыру

Filed under Кітаптар, аудармасы жоқ