Category Archives: қызық үшін

Жақсылық


Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді
Шығарамын сөзімнен.
-деп жазған екен С.Торайғыров.

Ұмытып қалмайын деп жазып қойдым.

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Қазақ әдебиеті, қызық үшін

Cурет көрмесі


Бүгін уордпрессті мегалайнмен аша алу мүмкіндігі қайта берілген екен, басқаларымен қосылып мен де қуанып қалдым 🙂 Өткенде блогымды басқа жерге көшірейін десем көшпей қойып еді, сонысы да дұрыс болды ма, әйтеуір қайтадан іске қосылғаны жөн екен деп, қайтадан жабылып қалмай тұрған кезде мына суреттерді тіркеп қояйын 🙂

Бұл біздің мектеп оқушыларының бейнелеу өнері пәнінен жыл бойы жасаған жұмыстарының көрмесі.

This slideshow requires JavaScript.

4 пікір

Filed under Жаңалықтар, Суреттер, қызық үшін

Жамбыл мұражайы


Оқушыларымызбен бірге бесінші маусымда Ұзынағаштағы Жамбыл ауылында орналасқан мұражайға бардық. Осы сапардан суреттерді көріңіздер. Бармасаңыздар да барғандай болыңыздар . (Суреттер тағы қосылады) Суреттер қосылды.

This slideshow requires JavaScript.

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, Қазақ әдебиеті, қызық үшін

Модульді оригами: қоян


Биыл қоян жылы болған соң, желтоқсанның аяғында осы ойыншықты жасаған болатынмын.

Қалай жасау жолдарын мына жерден оқысаңыздар болады, суреттер де сол жерден алынған.

Менікі дәл сол сияқты болмаса да, аздап ұқсайды.

This slideshow requires JavaScript.

6 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, қызық үшін

Өзім жасаған ойыншықтар


This slideshow requires JavaScript.

6 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, қызық үшін

Балалар күні


Оқу жоспарымыз басқа мектептерден өзгеше болғандықтан біздің мектеп әлі оқу жылын аяқтаған жоқ.

Дегенмен бүгін 1 маусым  – балаларды қорғау күні екенін ұмытқан жоқпыз.

Осы күнгеарнап оқушылармен ашық хаттар, құттықтаулар жазып, суреттер салған едік. Соны тамашалап көріңіздер.

This slideshow requires JavaScript.

 

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, балалар әдебиеті, Құттықтаймын, қызық үшін

Қазақша анимациялардың суреттері


Бір-екі күн бұрын мынадай пікір кеп түсті: «Салеметсиздерма! Осы казакша анимациялардын суретин кайдан алуга болады??? Мумкиншилик болса менин поштама бирнешеуин тастсаныздар?!
»
Поштама салып жіберіңізші дейтіндерді көп түсінбеймін (пікір жазған адам ренжімейді деп ойлаймын), дегенмен осындай сұраныс болса көмектесуге тырысайын деп іздеп көрдім. Сөйтсем көп болмаса да, суреттерді табуға болады екен. Соларды жинақтап салып отырмын. Біреу болмаса біреуге септігі тиер.

Сонымен бірге мына жерден кейбір мультфильмдерді көре аласыздар: http://kazkino.ucoz.com/load/multfilmder/2-2-2

Егер сіздер басқа да суреттерге сілтемелерді білсеңіздер, пікір түрінде қалдыруларыңызды сұраймын. Көп рахмет!

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, балалар әдебиеті, қызық үшін