Category Archives: Қазақ әдебиеті

Жақсылық


Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
Тағдыр қылды дегенді
Шығарамын сөзімнен.
-деп жазған екен С.Торайғыров.

Ұмытып қалмайын деп жазып қойдым.

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Қазақ әдебиеті, қызық үшін

Жамбыл мұражайы


Оқушыларымызбен бірге бесінші маусымда Ұзынағаштағы Жамбыл ауылында орналасқан мұражайға бардық. Осы сапардан суреттерді көріңіздер. Бармасаңыздар да барғандай болыңыздар . (Суреттер тағы қосылады) Суреттер қосылды.

This slideshow requires JavaScript.

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, Қазақ әдебиеті, қызық үшін

Балалар әдебиеті интернетте


Гуглге балалар әдебиеті деп сұраныс берсең ағылшын тілінде 2,620,000, орыс тілінде 4,090,000, қазақ тілінде 4,680 деген нәтиже береді.

Бұл жерде қанша нәтиже көрсетіп тұрағаны маңызды емес әрине, басқа тілдер де балалар әдебиетіне қатысы жоқ нәрселерді көрсетеді. Айтқым келгені басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде балалар әдебиетіне арналған портал, немесе виртуалды кітапхананың жоқтығы.

Мысалы, орыс тілінде іздеу барысында нәтиженің алғашқыларының қатарында ақысыз балалар әдебиетінің электрондық кітапханасы KIDSBOOK, Балалар кітапханасы , толып жатқан басқа да виртуалды электрондық кітапханалар, тіпті балалар әдебиеті қауымдастықтары да т.б. бар екен.

Сонымен, кімнің құлағына алтын сырға дейін, ең бірінші баласының қандай кітап оқитынына алаңдайтын ата-ананың болар.

2 пікір

Filed under Басқа ойлар, Кітаптар, балалар әдебиеті, Қазақ әдебиеті

Оқырман мен жазушы


«Жетісу» газетінің жастарға арналған Замандас қосымшасында (23 маусым 2007 жыл) «Оқырман мен жазушы» тақырыбында ҚазҰПУ-дың 3 курс студенті Жадыра Мүслімованың сұхбаты жарияланған еді. Соны сіздерге қайта басып беріп отырмын. Өйткені қазір қазақ жазушыларының не жазып жатқаны туралы мәліметтерді табу оңай емес (мүмкін мен білмейтін болармын қай жерден алуды). Бірақ бұл сұхбат та жазушылар көбінесе естеліктер, толғаулар, эсселер жазатынын, ал жастар классикаға айналған жазушыларды оқитынын көрсетіп отыр.

«Оқырман мен жазушы

Шығып жатқан кітаптардың санына жетудің өзі мүкін емес болып кетті. Кітап – білім нәрі. Ол – адам баласының рухани азығы. Қазіргі кезде бір-бірімен санасып, бәсекелесіп кітап шығаратындар жоқ емес. Мол кітаптың ішінен оқырман өзіне қажетті дегендерін де таба алмай шарқ ұрып жүрген жайы бар. Осы тақырып төңірегінде жастар мен белгілі ақын-жазушыларымызды әңгімеге тартып көрген едім.

-Соңғы рет қандай кітабыңыз шықты?

Талаптан Ахметжан:
– Таяуда ғана «Жан әлем» деген кітабым жарыққа шықты. Белгілі қоғам қайраткерлері, ғалым, әнші, артист, өнер адамдарының ой-пікірлерін, жалпы өмірге деген көзқарастарын тереңірек ашуға арналған сұхбаттар. Олардың жан дүниесіндегі сұлулық. Одан кейін бір томдық шығармалар жинағым «Жалын» баспасынан жарық көрді.

-Қазір қандай шығарма жазып жатырсыз?

– Пьеса. Мұнда да көтерілетін тақырып сол, ар-ұят, адамгершілік. Бүгінгі қоғам, ар-ұяттың аяққа басылып жатқаны, жан экологиясы, адам экологиясы. Жан-дүниемізді, ар-ұятымызды қалай сақтай аламыз? Мәселе осында ма деймін. Орыс классиктерінен аудармалар шығару ойымда. Сосын жоспарда повесім бар. Бәрі дайын, тек отырып жазу керек.

Дулат Исабеков:
-Ең соңғы рет қазақ тілінде 2003 жылы бес томдық таңдамалы шығармаларым жарық көрді. Одан кейін бір томдығым Мәскеуден шықты, «Русская книга» деген баспадан. «Транзитный пассажир» деп аталатын повестер жинағы орыс тілінде жарыққа шықты. Одан кейін драмаларға, пьесаларға көңіл бөліп жүрмін. Талдап айтып қажеті жоқ шығар. Барлығы көпшіліктің көңілінен шығып жатқан секілді.
Қазір екі томдық кітабыма эссе, мақалалар, толғаулар, әңгімелер енгіздім. Олардың барлығы бұрын жинаққа енбегендер. Кейде ойлаймын, қазір сол жаңа кітаптар керек пе деп. 15-20 томдық кітапты оқитын адам бар ма? Газет-журналдарда шыққан мақалаларын топтастырып жинақ ете салатындар бар. Ал оны ертең кім оқиды? Оқушылармен санаспайды. Кітаптың бүгінін емес, ертеңін де ойлау керек. Апай-топай шығара салудың керегі жоқ.

-Баспаға беріп қойған шығармаларыңыз бар ма?
-2002 жылы бітіремін деп бір романды жоспарлағанмын. Бірақ бітіре алмадым. Есесіне сол романның сол жыл бітпегеніне қуанамын. Заман түбегейлі өзгерді. Арзан дегеніміз құндыға ауысты. Тіпті сырты ғана емес, жан дүниемізде де өзгеріс болды. Қысқасы, тағы айтамын, сол романымды жыл сайын өзгертіп жатырмын. Содан соң үлкен пьеса жазу үстіндемін, «Гильгемаш» деген, біздің заманымызға дейінгі 18 ғасыр оқиғасы болып табылады. Бүгінгі күнге лайықтап «Қар адамы» деген драмалық комедия жазып жатырмын. Осыны жақында бітіруім керек.

Мыңбай Рәш:
-Соңғы екі жыл ішінде Астанадағы «Елорда» баспасынан «Киелі домбыра», «Мен айтпай сірә, кім айтар?!» деп аталатын кітаптарым шықты. Алғашқы кітапқа ұлы сазгер Н.Тілендиев, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев секілді ірі тұлғаларға арналған дастандар кірген. Соіңғы кітабым қазақтың аса көрнекті мәдениет қайраткрелері мен жазушылары, ақындары хақында жазылған естеліктер топтастырылған.

Кейінгі кездері естеліктер кітабының көлемін ұлғайтып, алғашқы басылымға енбей қалған З.Қабдолов, Х.Ерғалиев, С.Қирабаев секілді ірі тұлғаларды қамтып «Жұлдыздар жаңғырығы» деген атпен қайта бастырып шығаруды жоспарлап отырмын. Тағы бір айтарым, соңғы кездері сатиралық шығармаларымның негізінде «Мұржа мұрын» аталатын сықақ жинағымды дайындап бітірдім. Баспалардың біріне ұсынайын деп отырмын. Жасымның ұлғайғанына қарамастан, Құдайға шүкір, қаламым құрғап көрген емес.

Мамытбек Қалдыбай:
-Халқымыздың біртуар ұлы Баукең, Бауржан Момышұлымен жиырма бір жыл қарым-қатынаста болдым. Сол себепті де көпшілік кітаптарымды Баукеңе арнадым. «Ұмытылмас кездесулер», «Атақ пен шапан» атты көлемді кітаптарым, «Димекеңе кешігіп жеткен ақиқат» деген туындым жарық көрді.

Жақында «Сары жолға» деген роман жазып біттім, жуық арада жарық көрмек. Сосын «Генералдың анасы» деген роман жазу үстіндемін.

-Кейінгі жас ақын-жазушыларымыздың кітаптарын оқисыз ба?

-Иә, әрине Момбеков деген жігіттің желтоқсан туралы жазғаны, «Ауылдан келген қыз» деген шығармасы, Көлбай Ақылбекұлының «Соңғы репрессия» деген кітабының бірінші томын оқып шықтым. Жақсы туындылар.

Оқырман көзқарасы:

Гүлдерай Наренова, 3-курс студенті:
-Әрине, кітап адамды рухани жағынан байытады. Менің соңғы оқыған кітабым – Ғ.Мұсіреповтың «Ұлпан» романы. Тілі жатық, оқиғасы оралымдылығымен ұнады десем болады. Ұлпанның өз тағдырының қиыншылығына төтеп беріп, еш мұқалмай қарсы тұруы керемет әсер етті.

Мөлдір Нұрқасым, студент:
-Қазіргі таңда ақын да, жазушы да көп. Олардың әрқайсысында кем дегенде екі-үш кітаптан жыл сайын жарық көреді. Соларды жинастырып, жинақтап, сапалы бір кітап шығарса, нұр үстіне нұр болар еді.
Өзімнің соңғы оқығаным – Әзілхан атаның «Махаббат қызық мол жылдар» романы. Тілі жеңіл, ұғынықты, түсінікті. Жастарға сабақ болатын тұстары аз емес.

Айбол Қарашев, студент:
-Қазақ ақын-жазушыға бай халық. Бірақ кейінгі кезде қаптаған кітаптың ішінде өзімізге қажет-ау дегені бірен-саран ғана. Ал, дәл бүгінгі таңда Ілияс Есенберлиннің «Аққу құстар қуанышы» деген романын оқудамын.

Ал сіз не оқып жүрсіз, замандас?»

8 пікір

Filed under Қазақ әдебиеті