Category Archives: Нобель сыйлығы

Бір сөзбен


Алматыдағы екі мұражайдың сайты бар екен:

Advertisements

3 пікір

Filed under Жаңалықтар, Нобель сыйлығы

IgНобель сыйлығы


 Негізі PS-ті хабардың соңына қояды, мен керісінше істейін.

PS: төменде жазылғандарды technosyndrom оқыса мәз болатын болды.

Нобель сыйлығына пародия ретінде 1991 жылдан бастап ИгНобель сыйлығы (Ig Nobel Prize) қазан айының бірінші жартысында беріледі. «Адамдарды бірінші күлдіретін, сонан кейін ойландыратын» жаңалықтар таңдалынып алынады. Сонымен бірге сыйлықты қайталауға және өмірге ендіруге болмайтын «ғылыми жетістіктерге» беріледі.

  Оқуды жалғастыру

4 пікір

Filed under Басқа ойлар, Нобель сыйлығы

Әдебиеттен Нобель сыйлығы-2007


 Ағылышн жазушысы Дорис Лессинг әдебиеттен Нобель сыйлығын алды. Оның жасы 87-де және қазіргі таңда осы сыйлықты алған ең қарт адам болып отыр. Бұған дейін 1902 жылы 85 жаста әдебиеттен сыйлық алған Теодор Моммзен болатын.

Дорис Лессинг қазіргі таңда суфизм идеяларымен ұштасқан ғылыми фантастика жанрында жазатын британдық танымал жазушылардың бірі болып саналады.

3 пікір

Filed under Нобель сыйлығы

Нобель әдебиет сыйлығының лауреаттары



Бұл сыйлықты швед инженер-химигі, өнертапқыш және өнеркісіп иесі Альфред Бернхард Нобель ұйымдастырды. Оның есімімен аталған бұл сыйлық дүниежүзінде ең танымал, сонымен бірге ең қатты сыналады деп айтылады. Сыйлыққа А.Нобельдің кескіні бейнеленген алтын медаль, диплом және ақшалай сыйлық беріледі. Ақшалай сыйлық Нобель фондының кірісіне байланысты. Нобельдің 1895 жылы 27 қараша жазған өсиетхаты бойынша оның капиталы (алғашында 31 млн. швед кроны) акция, облигация, займдарға салынды. Осыдан түскен табыс бірдей бес бөлікке бөлінеді және физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайтуға бағытталған үздік жетістіктерге беріледі.

Сыйлықты жыл сайын 10 желтоқсанда Швед королі Стокгольмда тапсырады. Нобель әдебиет сыйлығын алғаннан кейін лауреат жұмысының тақырыбы бойынша дәріс беруге міндетті. Негізінен әдебиет сыйлығы жазушыға жеке шығармасы үшін емес, әдебиеттің дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Лауреаттар

2006 Орхан Памук
2005 Гарольд Пинтер
2004 Эльфрида Елинек
2003 Джон Максвелл Кутзее
2002 Имре Кертес
2001 Видиадхар Сураджпрасад Найпол
2000 Гао Синьцзян
1999 Гюнтер Грасс
1998 Жозе Сарамаго
1997 Дарио Фо
1996 Вислава Шимборска
1995 Шеймус Хини
1994 Кэнзабуро Оэ
1993 Тони Моррисон
1992 Дерек Уолкотт
1991 Надин Гордимер
1990 Октавио Пас
1989 Камилло Хосе Села
1988 Нагиб Махфуз
1987 Иосиф Бродский
1986 Воле Шоинка
1985 Клод Эжен Анри Симон
1984 Ярослав Сейферт
1983 Уильям Голдинг
1982 Габриэль Гарсия Маркес
1981 Элиас Канетти
1980 Чеслав Милош
1979 Одисеас Элитис
1978 Исаак Башевис Зингер
1977 Висенте Алейксандре
1976 Сол Беллоу
1975 Эудженио Монтале
1974 Эйвинд Йонсон
1974 Харри Мартинсон
1973 Патрик Виктор Мартиндейл Уайт
1972 Генрих Белль
1971 Пабло Неруда
1970 Александр Исаевич Солженицын
1969 Сэмюэл Беккет
1968 Ясунари Кавабата
1967 Мигель Астуриас
1966 Шмуэль Йозеф Агнон
1966 Нелли Закс
1965 Михаил Александрович Шолохов
1964 Жан-Поль Сартр
1963 Георгос Сеферис
1962 Джон Стейнбек
1961 Иво Андрич
1960 Сен-Жон Перс
1959 Сальваторе Квазимодо
1958 Борис Леонидович Пастернак
1957 Альбер Камю
1956 Хуан Рамон Хименес
1955 Хальдоур Кильян Лакснесс
1954 Эрнест Миллер Хемингуэй
1953 Уинстон Леонард Спенсер Черчилль
1952 Франсуа Мориак
1951 Пер Фабиан Лагерквист
1950 Бертран Рассел
1949 Уильям Фолкнер
1948 Томас Стернз Элиот
1947 Андре Жид
1946 Герман Гессе
1945 Габриела Мистраль
1944 Йоханнес Йенсен
1939 Франс Эмиль Силланпя
1938 Перл Бак
1937 Роже Мартен Дю Гар
1936 Юджин ОНил
1934 Луиджи Пиранделло
1933 Иван Алексеевич Бунин
1932 Джон Голсуорси
1931 Эрик Карлфельдт
1930 Синклер Льюис
1929 Томас Манн
1928 Сигрид Унсет
1927 Анри Бергсон
1926 Грация Деледда
1925 Джордж Бернард Шоу
1924 Владислав Станислав Реймонт
1923 Уильям Батлер Йитс
1922 Хасинто Бенавенте – И – Мартинес
1921 Анатоль Франс
1920 Кнут Гамсун
1919 Карл Фридрих Георг Шпиттелер
1917 Хенрик Понтоппидан
1917 Карл Адольф Гьеллеруп
1916 Карл Густав Вернер фон Хейденстам
1915 Ромен Роллан
1913 Рабиндранат Тагор
1912 Герхардт Гауптман
1911 Морис Метерлинк
1910 Пауль Йоханн Людвиг фон Хейзе
1909 Сельма Лагерлеф
1908 Рудольф Кристоф Эйкен
1907 Джозеф Редьярд Киплинг
1906 Джозуэ Кардуччи
1905 Генрик Сенкевич
1904 Хосе Мария Вальдо Эчегарай – И – Эйсагирре
1904 Фредерик Мистраль
1903 Бьернстерне Мартиниус Бьернсон
1902 Теодор Моммзен
1901 Рене Сюлли-Прюдом

1 пікір

Filed under Нобель сыйлығы

Нобель Әдебиет сыйлығы



Нобель Әдебиет сыйлығы жыл сайын дүние жүзінің қандай да елінен болмасын шыққан авторға беріледі. Альфред Нобельдің сөзімен айтқанда бұл сыйлық «идеалды жұмысқа» беріледі. Бұл жерде «жұмыс» деп автордың жалпы жазға еңбектері түсіндіріледі. Бірақ кей кездері жеке жұмыстар үшін де сыйлық беріліде. 1901 жылдан бері Нобель Әдебиет сыйлығы беріліп келеді. Содан бері 106 жазушы осы сыйлыққа ие болды. Соның ішінде 10 әйел адам бар. Олар:

1909 – Селма Лагерлоф ( Selma Lagerlöf)

1926 – Гразия Деледда (Grazia Deledda)

1928 – Сигрид Ундсет (Sigrid Undset)

1938 – Перл Бук (Pearl Buck)

1945 – Габриела Мистрал (Gabriela Mistral)

1966 – Нелли Сакс (Nelly Sachs)

1991 – Надин Гордимер (Nadine Gordimer)

1993 – Тони Моррисон (Toni Morrison)

1996 – Вислава Сзимборска (Wislawa Szymborska)

2004 – Эльфриде Джелинек (Elfriede Jelinek)

1 пікір

Filed under Нобель сыйлығы