Category Archives: Конкурстар

Кітап күні (2)


Пікір қалдыру

Filed under Жаңалықтар, Конкурстар, Кітаптар, балалар әдебиеті, қызық үшін

Кітап күні


Ертең 23 сәуір Дүниежүзілік кітап күні (World Book Day) екенін білетін боларсыздар.

Осыған орай мектебімізде түрлі шаралар өтеді, сонымен бірге  ертең оқушыларға мектеп формасының орнына танымал шығармалардағы кейіпкерлердің киімінде келуге ұсыныс жасалды, осыған мұғалімдер де қосылады деп күтілуде.

Сонымен ертең маған ұнаған кейіпкерлер болса, суреттерін осы жерден көре аласыздар.

Пікір қалдыру

Filed under Жаңалықтар, Конкурстар, Кітаптар

Шетелдік орыс тілді әдебиет


Балтық және ТМД елдерінің орыс тілінде жазатын жазушыларына кезекті сыйақы берілді. Осы жылы проза номинациясында жеңімпаз болып «Там город золотой» романы үшін Молдавиядан Владимир Лорченков аталды.

Төрелер алқасын басқарған Шыңғыс Айтматов.

Жеңімпаз атанған роман – миграция туралы. Автордың айтуынша Молдавияда 4 миллион адам тұрады, соның 1 миллионы отбысын асырау үшін басқа елдерге барып жұмыс істейді. «Шын мәнінде бұл трагедия, балалар әке-шешесін көрмей өсуде. Екінші жағынан бұл күлкілі сюжет, молдавандардың Италияға қалай баратынын суреттейді. Сонымен бірге бұл роман арман, арманның артынан қуған адамдар туралы »

Пікір қалдыру

Filed under Конкурстар, Кітаптар

Бәйге


Бұл хабарландыру «Жетісу » газетінде 2008 жылы 5 қаңтарда жарияланған  

Бәйге!           Бәйге!           Бәйге!   

«ZHERSU» ( бұрынғы TSC- group) корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірігіп балаларға арналған шығармаларға дәстүрлі «Дарабоз» халықаралық бәйгесін жариялайды. Жабық бәйгенің негізгі мақсаты жас өскінді өз кітабына бет бұрғызу, жазушыларға қолдау көрсету, жас ұрпақтың туған еліне сүйіспеншілігін қалыптастырып, ұлтжанды, білімді өскелең ұрпақ тәрбиелеу. 

Бәйгеге (1-8 сынып оқушыларына арналған ) прозалық, поэзиялық, сахналық шығармалар қабылданады. Нақтылай айтсақ, шығармалар көлемі: повестер 20-25 бет, әңгіме, ертегілер -10 бет,  топтама өлеңдер, жұмбақтар, метаграммалар, балладалар, ертегі-өлеңдер, шағын сахналық скетч-пьесалар, шағын поэмалар 5 бетке дейін болуы міндетті. Оқуды жалғастыру

Пікір қалдыру

Filed under Конкурстар

"Менің отаным – Қазақстан" жобасы басталады


“Интерфакс-Қазақстан” агенттігінің баспасөз орталығында “Менің отаным – Қазақстан” жобасын бастауға старт берілді

Алматы. 22-мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН

– Қазақстанда республикадағы ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған “Менің отаным – Қазақстан” мәдени жобасы басталды.

“Менің отаным – Қазақстан” жобасының мақсаты елдің мәдени әлеуетін тиімді пайдалану, республика халықтарының өз Отанына деген патриоттық көзқарасын дамыту арқылы Қазақстан халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді әрі қарай нығайту болып табылады”, – деп қазақстандық белгілі жазушы Дулат Исабеков бүгін Алматыда “Интерфакс-Қазақстан” агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда тұратын әр халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы ұмыт болмауы тиіс.

Осы жылдың маусым айынан бастап желтоқсан айына дейін өтетін мәдени жобаның бастамашысы “Альянс банк” болып табылады. Жобаны ұйымдастырушылардың осы баспасөз мәслихатында таратқан хабарламасына сәйкес, оның шеңберінде “Қазақстан – менің тағдырым” атты үздік очерк, “Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері” атты фотоконкурс және “Жер және Қазақстанның адамдары” атты әуесқойлық бейнеге конкурс өткізіледі.

Конкурсқа республиканың барлық азаматтары қатыса алады. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Конкурс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады. Үздік очерк конкурсында бірінші орынға 200 мың теңге сыйақы, екінші орын – 100 мың теңге, үшінші орын – 50 мың теңге, сондай-ақ 20 мың теңгеден бес ынталандыру сыйлық тағайындалған. Фотоконкурста: бірінші орынға – 150 мың теңге, 2 орынға – 100 мың теңге, үшінші орынға – 50 мың теңге және 20 мың теңгеден бес ынталандыру сыйлығы беріледі. Әуесқой бейне конкурсында: бірінші орынға – 500 мың теңге, екінші орынға – 250 мың теңге, үшіші орынға – 120 мың теңге және 50 мың теңгеден бес мадақтау сыйлығы беріледі.

Конкурстың әділ қазілар алқасының құрамына қазақстандық белгілі жазушылар Д.Исабеков және Герольд Бельгер, кинодраматург Лаврентий Сон, “Халықаралық Демократиялық Қоғам” фотоклубының президенті Валерий Коренчук, Қазіргі заманның өнер орталығының директоры Валерия Ыбыраева, кинорежиссер Әмір Қарақұлов кіреді.
Конкурсқа қатысу үшін “Альянс банктің” баспасөз қызметіне хабарласу керек.

3 пікір

Filed under Конкурстар