Category Archives: балалар әдебиеті

Балалар күні


Оқу жоспарымыз басқа мектептерден өзгеше болғандықтан біздің мектеп әлі оқу жылын аяқтаған жоқ.

Дегенмен бүгін 1 маусым  – балаларды қорғау күні екенін ұмытқан жоқпыз.

Осы күнгеарнап оқушылармен ашық хаттар, құттықтаулар жазып, суреттер салған едік. Соны тамашалап көріңіздер.

This slideshow requires JavaScript.

 

Advertisements

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, балалар әдебиеті, Құттықтаймын, қызық үшін

Қазақша анимациялардың суреттері


Бір-екі күн бұрын мынадай пікір кеп түсті: «Салеметсиздерма! Осы казакша анимациялардын суретин кайдан алуга болады??? Мумкиншилик болса менин поштама бирнешеуин тастсаныздар?!
»
Поштама салып жіберіңізші дейтіндерді көп түсінбеймін (пікір жазған адам ренжімейді деп ойлаймын), дегенмен осындай сұраныс болса көмектесуге тырысайын деп іздеп көрдім. Сөйтсем көп болмаса да, суреттерді табуға болады екен. Соларды жинақтап салып отырмын. Біреу болмаса біреуге септігі тиер.

Сонымен бірге мына жерден кейбір мультфильмдерді көре аласыздар: http://kazkino.ucoz.com/load/multfilmder/2-2-2

Егер сіздер басқа да суреттерге сілтемелерді білсеңіздер, пікір түрінде қалдыруларыңызды сұраймын. Көп рахмет!

Пікір қалдыру

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, балалар әдебиеті, қызық үшін

10 тақия


Оқушыларымның жасаған жұмыстарымен бөлісейін. Жақында «10 тақия» мультфилін көріп, түрлі тапсырмалар жасаған болатынбыз. Соңында комикс немесе кітапша дайындаулары керек еді. Нәтижесі мынадай

 

7 пікір

Filed under Басқа ойлар, балалар әдебиеті, қызық үшін

Оқуға ұсынамын


Сәуірде дүниежүзілік кітап күні болғанын айтқан болармын, оқушыларыммен осыған байланысты түрлі тапсырмалар жасадық. Соның бірі «Оқуға ұсынамын» жобасы еді.

 

5 пікір

Filed under Басқа ойлар, Кітаптар, балалар әдебиеті, Құттықтаймын, қызық үшін

Кітап күні (2)


Пікір қалдыру

Filed under Жаңалықтар, Конкурстар, Кітаптар, балалар әдебиеті, қызық үшін

Ғажайыптар әлемінде


Бүкіл әлем ағылшын математигі және жазушысы Льюис Керроллдың 1864 жылы балаларға арнап жазған «Алиса ғажайыптар әлемінде» (немесе «Алисаның ғажайып әлеміндегі басынан кешкендері») (Alice’s Adventures in Wonderland) ертегісінің жаңа қойылымы Лондонда өтті деп шулап жатқанда, қазақша кім не жазыпты деп іздеп көргенмін. Гугл тек қана сегіз нәтиже берді, соның біреуі ғана осы тақырыпқа сәйкес келді: ол arsik-тің  Кэрроллдың Алисасы

Басқа мәліметтерден осы ертегінің режиссерлардың қызғушылығына талай рет ілінгенін оқып, аздап таң қалдым. Сіздерге де қызық болар біліп жүрген. Сонымен 1903-2010 аралығындағы қойылымдар:

  • 1903:  режиссері  Сесиль Хепворт, Ұлыбритания
  • 1933:  режиссёрі  Норман З. Маклауд, АҚШ
  • 1951: мультфильм, — режиссері Клайд Джероними,  Дисней, АҚШ
  • 1966: режиссері Джонатан Миллер, Ұлыбритания
  • 1972: режиссері Уильям Стерлинг, Ұлыбритания
  • 1981: мультфильм — режиссері Ефрем Пружанский (СССР)
  • 1983: аниме—  сериал,  Nippon Animation студиясы, Жапония
  • 1985: көркем фильм
  • 1988: Алиса (фильм, 1988) / Něco z Alenky (Alice) — режиссері Ян Шванкмайер.
  • 1991:  Adventures in Wonderland —  Disney Channel телешоуы,  1991 – 1995 жылдар аралығында көрсетілді
  • 1999:  режиссері Ник Уиллинг, АҚШ.
  • 2010:  режиссері Тим Бёртон, АҚШ.

2 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, балалар әдебиеті

Балалар әдебиеті интернетте


Гуглге балалар әдебиеті деп сұраныс берсең ағылшын тілінде 2,620,000, орыс тілінде 4,090,000, қазақ тілінде 4,680 деген нәтиже береді.

Бұл жерде қанша нәтиже көрсетіп тұрағаны маңызды емес әрине, басқа тілдер де балалар әдебиетіне қатысы жоқ нәрселерді көрсетеді. Айтқым келгені басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде балалар әдебиетіне арналған портал, немесе виртуалды кітапхананың жоқтығы.

Мысалы, орыс тілінде іздеу барысында нәтиженің алғашқыларының қатарында ақысыз балалар әдебиетінің электрондық кітапханасы KIDSBOOK, Балалар кітапханасы , толып жатқан басқа да виртуалды электрондық кітапханалар, тіпті балалар әдебиеті қауымдастықтары да т.б. бар екен.

Сонымен, кімнің құлағына алтын сырға дейін, ең бірінші баласының қандай кітап оқитынына алаңдайтын ата-ананың болар.

2 пікір

Filed under Басқа ойлар, Кітаптар, балалар әдебиеті, Қазақ әдебиеті