Category Archives: аударма

Азаю мен көбею


2011 жылдың қаңтар мен ақпан аралығында MySpace-тің қолданушылары 73 миллионнан 63 миллионға азайыпты. Салыстырып қарасақ 2010 жылдың ақпанында олардың 110 млн. қолданушысы болған.

 Lady Gaga-ның туиттерде артынан ерушілері 9 миллионға жетіпті. Ол осы әлеуметтік жүйеде ең танымал адамдардың бірі. Туиттерге 2008 жылы қосылған. Ал Facebook та оның 31 млн. жанкүйері бар екен.

3 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, аударма, қызық үшін

Онлайн сөздіктер


Бұл шолуда тек қана онлайн аударма сөздіктеріне тоқталамын, соның ішінде тек қана ақысыз қолдануға мүмкіншілік беретін ресурстарды қарастырамын. Өйткені қазақ тілінде ұсынылған онлайн түсіндірме не энциклопедиялық сөздіктер тіпті жоқ, ал ақылы сөздіктер менсіз де өз тұтынушысын таба жатар.

Бұрыннан таныс, көпшілік қолданатын (жағымды, жағымсыз пікірлерді қатар алып жүрген) сөздіктен басқа интернет кеңістік бізге не ұсынатына шағын шолу жасап көрейін.

1. Қазақша – Ағылшынша – Орысша Сөздіk  

Сайт иелері сөздікке мынадай сипаттама береді:

– Сөздік қоры 10,000нан асады.

– 3 тілді меңгерушілерге арналған.

– Ақпараттық технология терминдері, Мұнай терминдері мен Қазақша іс қағазын жүргізушілерге арналған сөздер толығымен қамтылған

– Интернеттегі 3 тілдік ең үлкен сөздік.

– Ұқсас сөздерді де табады.

2. Н.Т. Сауранбаевтың орысша қазақша сөздігінің негізінде жасалған  сөздік.

3. Яндексті де  қолданып қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздердің аудармасын жасай аласыздар.

Толығырақ   www.minber.kz  – те оқып, пікір қалдырсаңыздар болады.

3 пікір

Filed under Басқа ойлар, Жаңалықтар, аударма

To be or not to be?


Қағаздарымның арасына бір кездері жазып қойыппын, аударманы кім жасағанын, өкінішке орай білмейді екенмін.

Болу яки бордай тозу –

Бар сауалдың түйіні.

Сұм тағдырдың соққысына

Үнсіз төзу иә бұлқыну.

Бес қаруға қол созу,

От құшуға, оққа ұшуға

Басты тігіп ұмтылу …

4 пікір

Filed under Басқа ойлар, аударма

Le Petit Prince


Осы кітаптың қазақшаға аударылғанын білетінмін (жазған Антуан де Сент-Экзюпери). Бірақ оның екі аудармасы бар екенін білмеппін.

prince_1.jpg«Кішкентай Шахзада» атымен 1967 жылы «Жазушы» баспасынан шығыпты. Аударған Т.Әлімқұлов.

prince_2.jpg«Кішкентай ханзада» болып 2004 жылы Жанар Қонаеваның аудармасымен жарық көріпті.

Кішкентай ханзаданың тағы да қандай тілдерге аударылғанын білгіңіз келсе мына жерге барыңыз

Оқып, салыстырып көргендеріңіз бар ма?

3 пікір

Filed under Кітаптар, аударма, балалар әдебиеті

………..


Мына жерден оқығаным 

Про живое

 – По-моему, в страданиях тоже есть удовольствие. Мне очень нравится иногда и пострадать. Ты ощущаешь, что ты тоже живая и у тебя есть сердце. И жизнь, несмотря ни на что, вещь прекрасная 

Страдание сөзінің сөздіктегі аудармалары: Қасірет, тақсірет, тарығушылық, жапа, сергелдең, азап, жапакөру, жапа шегу, қайғы-қасірет, қайғы, бейнет, жан қайғы, жүдеу 

Неге бәрін тізіп қойды екен?

3 пікір

Filed under Басқа ойлар, аударма

Аударуға көмектесіңіздер


Ағылшын тіліндегі «Just for Fun» деген тіркесті қазақшаға қалай аударған дұрысырақ. Орысша оны «Ради удовольствия» деп аударыпты. Кітаптың аты болғандықтан жақсы үйлесіп тұр.

Ал қазақша қалай болады: «Қанағаттану үшін», «Рахаттану үшін», «Риза болу үшін» .

Мүмкін мазмұнына сәйкес «Ермек үшін» деп аударса қалай болады?

PS1: «Just for Fun» деген кітапты LINUX-ты ұсынған Линус Торвальдс пен Дэвид Даймонд жазған. Линус Торвальдс – Финляндияда туған, Хельсинки университетін бітірген, екі қызы бар, Калифорнияда тұрады, Transmeta компаниясында программист болып жұмыс істейді.

PS2: LINUX-тің не екенін білесіздер деп ойлаймын.

14 пікір

Filed under аударма