Таңдаулы шығармалардан


 Алдыңғы хабарда жазған кітап («XX ғасырдың таңдаулы кітаптары») негізінен барлығыңызға оқуға ұсынуға болатын кітаптар қатарына жатпайды деп ойлаймын.


Өйткені бұл қазіргі заманда тұрып жатқан адамның (Фредерик Бегбедердің) бұрынырақ жазылған шығармаларға берген өзіндік пікірі (оның ойымен келісуге де, келіспеуге де болады). Өзі де біраз елдерде танымал жазушы болғандықтан мына тізімде неге мен жоқпын деп те әзілдеп қояды.

Сонымен бірге тізімге кірген шығармаларды да (егер өзі таңдаған болса) басқа шығармалармен ауыстырғысы келетінін де жасырмайды. Тізімді қарап шығып өзім де бұл кітаптардың барлығы түгілі, аталған авторлардың біразын білмейтінімді анықтадым. Бар-жоғы 23 автордың аталған болмаса да басқа шығармаларын оқыған екенмін.

Бірақ бұл сондай-бір қынжылатын шаруа емес қой деп ойлап, кітапты оқуға кірістім. Негізінен кітапты филология факультетінің студенттеріне, журналистерге, сыншыларға т.б. , сонымен бірге әдебиетті сүйетіндерге де ұсынуға болады.

Сонымен алғы сөзді оқуға шыдамыңыз жетсе, өзіңізді елең еткізетін автордың өзіндік ерекшелігі көзге бірден түседі: тізімде берілген шығармаларды біріншіден бастап емес, соңғысы – елуінші орында тұрған шығармадан бастап талдайды.

Мазмұнын айтудан аулақпын, қызыққандар кітапты өздері тауып оқып алар. 

Бір ұнаған ойды жаза кетейін. Қырық үшінші орында тұрған Жорж Перектің кітабын талқылауда автор кішкене шегініс жасап, мына ойды айтады:

« Баспагер Оливье Коэн өзінің мақаласында «әдебиет бір ғана мақсатқа қызмет етеді: бізді өмір сүру (өмірді қолдану) тәсіліне үйретеді» дегенде 100% дұрыс айтты. Өткен ғасырдың ең таңдаулы 50 кітабы дегеніміз, бізді қалай өмір сүруге немесе қоғам бізге таңып отырған өмірге қалай қарсы тұруға үйрететін практикалық құрал болмағанда, не болады?! »

Advertisements

Пікір қалдыру

Filed under теория

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s