«Эстеттерді иттің етінен жек көретінге»


«Эстеттерді иттің етінен жек көретіндей» соншама не болыпты деп ойлап, осы туралы жазуға уақыт таппай емес, сәті түспей жүр еді. Бүгін уақыты келген сияқты.

Бірінші, түсінікті талдап алайық. Қазақ тілінде on-line әдебиет энциклопедиясы да, түсіндірмелі сөздік те болмағасын орыс тіліндегі энциклопедияларға жүгінуге тура келді.

Сонымен «Үлкен совет экциклопедиясы» былай дейді:

Эстет (грек тілінен aisthetes – сезінетін, қабылдайтын) – 1) өнердің жанкүйері, әдемілікті (көркемдікті) бағалаушы; 2) құбылыстың адамгершілік жағын ескермей, бәрін эстетикалық тұрғыдан бағалайтын адам

Ушаковтың орыс тілі түсіндірмелі сөздігі:
Эстет – эстетизмге (екінші мағынасына) жақын адам. Мысалы, Муж твой носит томик Уайльда, шотландский плэд, цветной жилет…, твой муж – презрительный эстет (Блок)

Эстетизм – 1) эстетикалыққа, әдемілікке, көркем формаларға әуестік (икемдік), сезгіштік
2) өнердегі сыртқы формаларға құмартушылық, оларды мазмұны, идеясына залал келтірсе де асыра бағалау. Мысалы, буржуазиялық эстетизм

Кезінде ақын-эстеттер, жазушы-эстеттердің үйірмелері болған. Сыншы-эстеттер де өмір сүрген.

«Аполитичный эстет, буржуазный эстет, эстет-импрессионист, чистый эстет, романтик эстет, эстет-интеллектуал, эстет-европеец» тағы сол сияқты тіркестерді көп кездестіруге болады.

Қазіргі кезде эстеттердің, әрине, сөздің екінші мағынасындағы эстеттердің, бар-жоғын білмейді екенмін. Сонымен, қай мағынадағы, қай замандағы эстеттерді жек көресіз?

PS: «Дориан Грейдің портреті» романын жазған Оскар Уайлд та, Гюстав Флобер және т.б. да эстеттер қатарына жатқызылады.

Француз жазушысы Андре Моруаның «Эстеттер еліне саяхат» (Voyage aux pays des Articoles, (n.) Paris: La Preiade, 1927) повесі ғылыми-фантастика жинақтарына енген.

Advertisements

3 пікір

Filed under Басқа ойлар, теория

3 responses to “«Эстеттерді иттің етінен жек көретінге»

  1. Anonymous

    ……………………..

  2. technosyndrom

    Рахмет Бақытгүл!

  3. technosyndrom

    Эстеттерді иттің етінен жек көрген емес-ау, тіпті шыдап тұра алмаймын!
    Әлдебір француздық қатын Марго:»мен шарапты тек фарфор ыдыстан ішемін!» десе – ол шынайы эстет, оның талғамы атам заманнан бері шарап ашытып келген ата-бабадан қалыптасқан. Ал біздің эстеттер талғамы өмірден емес, кітаптармен тәрбиеленеді. Сондықтан ондайлар Лувр мен киіз үйді салыстыруға құмар: қате тапса – құдайлары береді!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s