Памфлет


Блогқа жазатын мақала тақырыбына әркім өз жолымен келетіні сөзсіз, кейде не жазсам деп ойланып жүрсең, кейде аяқ астынан сап ете қалатыны бар. Негізінде төмендегі тақырыпқа жазатын ойым жоқ еді, өйткені мен әдебиетші (әдебиеттанушы емеспін ғой). Бірақ «Памфлет деген не?» деген сұрақ қойылғанда шағын ғана жауап бергенмін, ал бұл жерде осы терминнің толығырақ түсіндірмесін ұсынып отырмын.

Памфлет – жалпы саяси құрылымға немесе оның жеке жақтарына, қандай-да бір қоғамдық топқа, партияға, үкіметке т.с.с. (олардың жеке бір өкілдерін әшкерелеу арқылы) қарсы бағытталған шығарма.

Памфлеттің міндеті – белгілі бір жайды, адамды әшкерелеу, мазақ ету, масқаралау.

Памфлет әшкерелейтін қайраткердің образын жасай отырып, оны нақты бір даралық түрінде беруге тырысады – оның саяси өмірін, күнделікті тұрмыс-тіршілігін, жеке ерекшеліктерін сынайды. Мұның бәрі негізінен ол өкілі болып отырған партияның ұстанымдарына қаттырақ соққы беру үшін жасалады.

Осындай нақты адамды көрсетуге талпыныс памфлетті көркем әдебиетке, ал памфлетистің жұмысын жазушының жұмысына бір табан жақындатады. Егер жазушы «типтік характер» жасаса, памфлетте нақты адам, дәл фактілер келтіріледі, яғни шығармашылық, көркем қиял элементтері болмайды. Памфлет негізінен қайшылыққа құрылғандықтан, көбінесе көркем әдебиеттегі әзіл-сықақ, сатира түріне жақын болады. Осыған байланысты памфлетистің шығармашылық мәнері сатираның ерекшеліктерімен, әжуа, мысқыл, кекесін, гипербола т.с.сияқтылармен күрделене түседі.

Памфлет пен көркем әдебиеттің ара-қатынасы жан-жақты және нақты тарихи жағдаймен байланысты. Кейде памфлет көркем әдебиетте де орын алады, мысалы, Достоевскийдің «Бесы» (орысша) шығармасындағы Кармазинов бейнесі.

Тарихқа үңілсек памфлеттің ең бірінші шебері Эразм Роттердамский (1466-1536) болды. Оның ең танымал сатиралық шығармасы «Надандықты мадақтау» (Lob der Torheit, 1509).

Әйгілі памфлеттерден мысалдар келтірейін, қызыққандар оқып көрулеріне болады:

1. Гуттен мен Рейхлин «Надан адамдардың хаттары» (Epistolae obscurorum virorum, 1515-1517).
2. Гуттен (1488-1523) «Булла» (Bulla), «Ақылгөйлер» (Consilia, 1521), «Қарақшылар» (Praedones, 1521).
3. Свифт (1667-1745) «Кенепшінің хаттары» (Drapier Letters, 1724) және «Бөшкенің ертегісі» (Tale of a Tub, 1704).
4. Дефо «Диссиденттердің көзін құртудың ең қысқа жолы» (The shortest Way with the Dissenters, 1702).
5. Эдмонд Борк (E. Burk, 1729-1797) «Letters on a Regicide Peace» (1796).
6. Камилл Дюмулен «Фонардың париждықтарға хаттары» (Discours de la lanterne aux Parisiens, 1789).
7. Марат «Халықтың досы» (L’ami du peuple, 1789-1792)
8. Радищев «Петербордан Мәскеуге саяхат».
9. Белинский «Гогольге хат».
10. Гюго «Жұдырықтай Наполеон» (Napoléon le Petit, 1852)
11. К. Радек «Памфлеттер мен портреттер» (I , II тт.).

Сонымен бірге памфлетті Вольтер, Дидро, Энгельс, Маркс, В. И. Ленин, М. Горький және т.б. да жазды.

Advertisements

4 пікір

Filed under теория

4 responses to “Памфлет

  1. technosyndrom

    Бақытгүл, ал кітаптарды тарауларға, параграфтар мен бөлімдерге бөлу тәртібін қайдан алуға болады?еу

  2. Bakytgul

    Саған нақты қандай кітаптарға қойылатын талаптар керек?
    Мысалы, «Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар» деген кітапша бар. Соның ішінде «Оқулықтың құрылымы» деген бөлім бар, сонда бөлім, тарау, параграф қалай болу керек екені бар. Бұл тек қана оқулыққа байланысты.

  3. technosyndrom

    Рахмет. Ең болмаса сол оқулыққа талаптарды қайдан алуға болады?

  4. Bakytgul

    Интернетте ол кітап жоқ. Менде электронды варианты да жоқ. Кітап бар, скан жасап жіберейін бе? (бірақ тез емес, күте тұруыңа тура келеді)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s