Магиялық реализм


Жақында мен «Магиялық реализм өкілі» атты хабарлама жазған болатынмын. Енді осы «магиялық реализм» деп аталатын өнер жанрына тоқтап өтейін.

«Магиялық реализм – шынайы ғалам сипатына магиялық элементтерді қосатын өнер жанры» деген анықтаманы нақтыдан гөрі, жалпы сипаттамалы деп айтуға болады.

Алғашында неміс сыншысы Франц Рохтың шындықты өзгертіп көрсететін суретті сипаттауға қолданған термині «магнетикалық реализм» болатын, бірақ кейін бұл терминді Артуро Услар-Петри латин-америкалық жазушылардың кейбір жұмыстарын сипаттауда кең пайдаланды. Куба жазушысы Алейо Карпентьер (Alejo Carpentier) (Услара-Петридің досы) The Kingdom of this World (орысшаға «Царство мира сего» деп аударылған) (1949) повесінің алғы сөзінде «lo real maravilloso» (сөзбе-сөз аударғанда «ғажап (тамаша, таңғажайып) шындық» дегенді білдіреді) терминін қолданды.

Карпентьердің шығармалары XX ғасырдың 60-жылдары Еуропада басталған осы жанрдың серпілісіне үлкен әсер етті.

Магиялық реализмнің элементтері:
– фантастикалық элементтер ішкі қайшылықсыз болуы мүмкін, бірақ ешқашан түсіндірілмейді;
– кейіпкерлер магиялық элементтің қисынын (логикасын) сөзсіз қабылдайды;
– көптеген тек қана сезім арқылы қабылданатын бөліктері болады;
– символдар мен бейнелер жиі қолданылады;
– адамның сезімі мен құмарлығы жан-жақты (егжей-тегжейіне дейін) сипатталады;
– уақыт ағымы бұрмаланады, сондықтан ол циклді немесе жоқ сияқты. Тағы бір тәсіл ретінде коллапс қолданылады, яғни осы шақ өткенді қайталайды немесе еске түсіреді;
– себеп пен салдар орын ауыстырады, мысалы, кейіпкер қайғылы оқиғаға дейін азаптанады, күйзеліске түседі;
– фольклор немесе аңыз әңгімелерінің элементтері кездеседі;
– жағдай баламалы көзқарастар тұрғысынан ұсынылады, яғни баяндаушының дауысы үшінші жақтан біріншіге ауысады, жалпы қарым-қатынас және естеліктер туралы түрлі кейіпкерлер пікірлерінің және ішкі монологтың бір-біріне ауысуы жиі кездеседі;
– өткен қазіргімен, астральды физикалықпен, кейіпкерлер бір-бірімен қарама-қайшылықта болады;
– шығарманың ашық финалы оқырманға өз бетінше ненің шынайы және дүниенің қалыбына сәйкес келетінін анықтауға мүмкіндік береді.

Advertisements

1 пікір

Filed under теория

One response to “Магиялық реализм

  1. zhanna

    Мен Булгаковтың шығармаларына өлемін
    сосын жаңағы Габриэль Маркестің де 100 лет одиночества шығармасы да ұнағанб Джорж амадужың шығармасының атын ұмыттым бірақ ұнаған
    Жалпы маған осы магиялық реализм стилі ұнайтын боп тұр ғой
    Бақытгүл рахмет енді бұл қандай жанр екенін біліп жүремін

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s