Entries Tagged as ‘Жаңалықтар’

Қазан 21, 2008

Жаңа бір блог

Біздің елімізде және дүние жүзінде болып жатқан түрлі қуанышты, жағымды /жағымсыз хабарлардың легінде қазақша бір блогтың ашылғаны елеусіз қалатыны сөзсіз ғой
Назар аударыңыз: тағы бір блог http://haileyburyalmatykazakhclub.wordpress.com/

Қыркүйек 26, 2008

Сәлем

Біраз жазбаған едім, енді блогтың атауын да өзгертсе болар
Сонымен не өзгерді:
жұмысым;
айналамдағы адамдар;
Білесіздер ме?
1. “8&8″ баспасының мекен-жайы мен телефонын;
2. “Балалар әндерінің” жинағын (СD)
3. Қазақ тіліндегі Қазақстанда шығарылған мультфильмдерді  ҚАЙДАН алуға болатынын білесіздер ме?
Алматыда жаңа мектеп ашылғанын естіген боларсыздар. Содан видеоны көрулеріңізге болады.
Haileybury Almaty Video 

Мамыр 30, 2008

Бір сөзбен

Шыңғыс Айтматовқа – Нобель сыйлығы ?!
Әлем мұражайлары интернетте

Алматыдағы екі мұражайдың сайты бар екен:

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы
ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы

Мамыр 17, 2008

«Кафка-Борхес»

Прагада өткен ғасырдың екі классигі: Франц Кафка мен Хорхе Луис Борхеске арналған «Кафка-Борхес» бьенналесі өтіп жатыр. Бұл іс-шара бір айға созылады.
Ұйымдастырушылары: Франц Кафка атындағы Чех қоғамы мен Борхес атындағы аргентиналық қор.
Ендігі жылы бьеннале Борхестің 110 жылдығына байланысты Аргентинада өтеді.

Мамыр 7, 2008

Қызық

Дортмундта (Германия) балаларға арналған Опера театры ашылыпты. Репертуары 6-17 жастағыларға арналған. Жаңа театрдың ұраны «Балалармен – балаларға».