Entries Tagged as ‘Басқа ойлар’

Шілде 3, 2008

SOS -100 жыл

Жаңа сөздердің тілге түрлі жолдармен келетіні белгілі ғой. Соның бірі туралы айтып берейін. Радиотелеграф байланысында жалпыға ортақ апат белгісі ретінде SOS-ты (· · · — — — · · ·) қабылдағанына міне 100 жыл болыпты. Бірақ 1999 жылдан бері апат жағдайында белгі беру үшін жаңа халықаралық спутниктік жүйе кодификациясы қабылданған екен. Ол – GMDSS . [...]

Маусым 19, 2008

To be or not to be?

Қағаздарымның арасына бір кездері жазып қойыппын, аударманы кім жасағанын, өкінішке орай білмейді екенмін.
Болу яки бордай тозу -
Бар сауалдың түйіні.
Сұм тағдырдың соққысына
Үнсіз төзу иә бұлқыну.
Бес қаруға қол созу,
От құшуға, оққа ұшуға
Басты тігіп ұмтылу …

Маусым 17, 2008

Баркемптерден естелік

Бұл Тбилисиде өткен баркемптің баннері, барамын деп біраз дайындалып едім, өкінішке орай жоспарларым мен ұшақ кестесінің сәйкес келмеуіне байланысты барған жоқпын. Бірақ сол күні басқа келіссөздерім жақсы өтіп, бармағаныма қуанбасам ренжіген жоқпын

Ал мынау Вильнюсте өткен медиабаркемптің баннері. Бару тіпті де жоспарда болған жоқ, бірақ ұйымдастырушыларды виртуалды қолдап, блогыма тіркеп қойған болатынмын.

Маусым 1, 2008

Балалар әдебиеті интернетте

Гуглге балалар әдебиеті деп сұраныс берсең ағылшын тілінде 2,620,000, орыс тілінде 4,090,000, қазақ тілінде 4,680 деген нәтиже береді.
Бұл жерде қанша нәтиже көрсетіп тұрағаны маңызды емес әрине, басқа тілдер де балалар әдебиетіне қатысы жоқ нәрселерді көрсетеді. Айтқым келгені басқа тілдердегі сияқты қазақ тілінде балалар әдебиетіне арналған портал, немесе виртуалды кітапхананың жоқтығы.
Мысалы, орыс тілінде іздеу барысында нәтиженің [...]

Сәуір 12, 2008

Сапар

Жексенбіден жұмаға дейін:
Алматы – Бішкек – Ыстық көл – Алматы – Астана – Көкшетау – Астана – Алматы