2011 жылдың қаңтар мен ақпан аралығында MySpace-тің қолданушылары 73 миллионнан 63 миллионға азайыпты. Салыстырып қарасақ 2010 жылдың ақпанында олардың 110 млн. қолданушысы болған.
Lady Gaga-ның туиттерде артынан ерушілері 9 миллионға жетіпті. Ол осы әлеуметтік жүйеде ең танымал адамдардың бірі. Туиттерге 2008 жылы қосылған. Ал Facebook та оның 31 млн. жанкүйері бар екен.
Мой мир, Фэйсбук туралы мәліметің бар ма? қазақстандықтар солардың қолданушылары ішінде қанша пайыз құрайды екен? қызық. Өз басым не твиттер, не фэйсбук, не мой мир қолданбаппын өмірі. қызық емес.
ММ-ға ешқашан кірмеппін, және поштасын да қолданбаппын. Ол туралы нақты деректер менде жоқ. Бірақ вконтакте мен фейсбук туралы айта аламын. Бір онлайн курстың берген тапсырмасымен осы сұрақтарға жауап іздегенмін. Сонымен Фейсбукте Қазақстан атынан тіркелгендердің саны 268160 (өткен аптадағы мәлімет). Оның ішінде 49% 25 жастан жоғары ғни тең жартысы деуге болады. Вконтактеде біздің елден 1.466.637 деп көрсетіп тұр. Маған нақты сан керек болған соң 25 жастан бастап қарасам – 296986, ал 18- 25 жас аралығы – 389596, 0- 18жас аралығы – 148385. Бірақ сандарды қоссаң миллионға жетпейді. Сондықтан вконтактедегі статистиканы нақты деп есептеуге болмайды, әлеуметтік желілерге кірген адамның бәрі жасын, елін дұрыс көрсете бермейді. Кейде әр түрлі мақсаттар үшін лақап аккаунттар жасайды.
Pingback: Facebook, Twitter jelilerinde qansha qazaq otir? - Audarma