Шілде 3, 2008...8:55 тд

SOS -100 жыл

Jump to Comments

Жаңа сөздердің тілге түрлі жолдармен келетіні белгілі ғой. Соның бірі туралы айтып берейін. Радиотелеграф байланысында жалпыға ортақ апат белгісі ретінде SOS-ты (· · · — — — · · ·) қабылдағанына міне 100 жыл болыпты. Бірақ 1999 жылдан бері апат жағдайында белгі беру үшін жаңа халықаралық спутниктік жүйе кодификациясы қабылданған екен. Ол – GMDSS . Дегенмен, бұл жаңа кодты ешкім білмейді (кейбір мамандар болмаса), ал SOS-тың жалпы мағынасын бәріміз білеміз. <

Тарихқа үңілсек қызық мәліметтер көп екен: SOS белгісі бойынша 1909 жылы құтқарылған ең бірінші лайнер «Кунар» деп аталған.

Негізі бұл белгінің шығу тарихы былай екен:

1902 жылы хылықаралық радиотелеграф конференциясында ортақ апат радиобелгісі ретінде мына кодты ұсынады S – S – S – D – D – D . Бірақ түрлі пікірлерге байланысты, ол қабылданбайды. Ол кезде кейбір фирмалардың өз белгілері бар еді, мысалы, «Маркони», фирмасының аппаратурасы орналасқан кемелерде мына белгіні қолданатын – SQD.

Төрт жылдан кейін Берлинде екінші халықаралық конференцфия өтеді. Ол жерде SQD кодын қабылдауды ұсынады, бірақ оған да қарсы шыққандар көп болады. Сол кездек тағы бір неміс фирмасы «Арта» SOE комбинацисын ұсынады, оны да қабылдамайды, өйткені Е бір нүкте арқылы берілетіндіктен, көбінесі естілмей қалады екен. «Титаник» апатқа ұшырағанда корабльдің телеграфисті SQD кодын жібереді, бірақ оған көп назар аударғандар болмайды, ал SOS деген белгіні жібере бастағанда көп кемелер назар аударып көмекке келген екен дейді. Сонымен бірге SOS белгісін жіберу үшін арнайы аппаратура да қажет емес екен.

SOS-тың қысқарған сөз емес екенін тағы айта кетейін. Бірақ оны түсіндіруге тырысқан талпыныстар да аз болмаған: “Save Our Ship”, “Save Our Souls”, “Save Our Skins”, “Save Our Stuff”, “Shoot Our Ship”, “Shoot On Sight”, “Sinking Our Ship”, “Survivors On Shore”,and “Signal On Sand”.

Көбінесе ол мына екі мағынада көп қолданылады: “Save Our Ship” немесе “Save Our Souls”.

4 Пікір

  • Kushti malemetter berip turasyz ylgy. Rahmet
    Songy kezde nege blogynyzga uakyt shygarmai jursiz …

  • Құрметті, Блогшы! Мен Азаттық Радиосы Интернет басылымының бұқарамен байланыс менеджерімін. Есімім Даурен, Контентмастер Блогыма кірген боларсыз. Азаттык Радиосынын активті маркетингтік жумыстарымен мен айналысудамын, сондыктан сізден сурарым біздің сілтемені
    http://www.azattyq.org өз блогыныздын тізіміне косып койсаныз!

  • Men osyny kim oilap shygardy eken dep oilagan edim? Kop rahmet!!!


Жауап қалдырыңыз