Прагада өткен ғасырдың екі классигі: Франц Кафка мен Хорхе Луис Борхеске арналған «Кафка-Борхес» бьенналесі өтіп жатыр. Бұл іс-шара бір айға созылады.
Ұйымдастырушылары: Франц Кафка атындағы Чех қоғамы мен Борхес атындағы аргентиналық қор.
Ендігі жылы бьеннале Борхестің 110 жылдығына байланысты Аргентинада өтеді.


4 Пікір
Мамыр 19, 2008 at 12:42 тк
Бақытгүл, жанды жерден тидің…
Енді құдай үшін, айтыңызшы – Кафканы түсіну үшін не ішіп оқу керек, а?
Мамыр 20, 2008 at 3:02 тд
«Кафканың шығармалары абсурдқа, дәрменсіздікке, сыртқы әлем алдындағы қорқынышқа толы», «оның шығармалары сізді кейде еліктіріп арбайды, кейде жан түршігерлік қатігездігімен жиіркеніш сезімін тудырады, көбінесе зілді әсер қалдырады» менің сөзім емес, зерттеушілер солай дейді. Кафканы түсінемін және шығармаларын жақсы білемін деп айта алмаймын. Ол әдебиетте өз орны бар өз заманының өкілі
Мамыр 20, 2008 at 7:11 тд
Бір уақыттары мода болды ғой Кафка деген. Бір жерде ұялып қалармын деп, мен оның “Процессін” оқып алған болатынмын…
Алғашқы беті жыртық еді, бәлкім сол бетте осы кітапты не ішіп-шегіп оқу керектігі жөнінде нұсқау кетіп қалған болса керек…
Мамыр 20, 2008 at 11:31 тд
Франц Кафка туралы естіген едім. Бірақ шығармаларын оқып көрмеппін. Былтыр (нақты саны есімде емес)”Жас қазақтан” Амангелді Кеңшілікұлының мақаласын оқығанмын. сонда Франц Кафка туралы біраз біліп қалдым.