Entries from Мамыр 2008

Мамыр 30, 2008

Бір сөзбен

Шыңғыс Айтматовқа – Нобель сыйлығы ?!
Әлем мұражайлары интернетте

Алматыдағы екі мұражайдың сайты бар екен:

Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік Өнер мұражайы
ҚР Орталық мемлекеттік мұражайы

Мамыр 19, 2008

Берлин, 75 жыл бұрын

1933 жылы 10 мамырда Берлинде 20 мыңнан астам кітап өртелген болатын. Бекітілген қара тізімде 94 неміс және 37 шетел авторлары болған. Бұл әрекет бірнешге айға созылып, 22 университет қатысыпты.
Қазір бұл жерде ескерткіш тұр: алаңда шынының артында ақ түсті бос кітап сөрелері бар үлкен бөлме, қасында металдан жасалған тақтайшада Генрих Гейненің 1821 жылы жазған пьесасынан [...]

Мамыр 17, 2008

«Кафка-Борхес»

Прагада өткен ғасырдың екі классигі: Франц Кафка мен Хорхе Луис Борхеске арналған «Кафка-Борхес» бьенналесі өтіп жатыр. Бұл іс-шара бір айға созылады.
Ұйымдастырушылары: Франц Кафка атындағы Чех қоғамы мен Борхес атындағы аргентиналық қор.
Ендігі жылы бьеннале Борхестің 110 жылдығына байланысты Аргентинада өтеді.

Мамыр 7, 2008

Қызық

Дортмундта (Германия) балаларға арналған Опера театры ашылыпты. Репертуары 6-17 жастағыларға арналған. Жаңа театрдың ұраны «Балалармен – балаларға».