Балтық және ТМД елдерінің орыс тілінде жазатын жазушыларына кезекті сыйақы берілді. Осы жылы проза номинациясында жеңімпаз болып «Там город золотой» романы үшін Молдавиядан Владимир Лорченков аталды.
Төрелер алқасын басқарған Шыңғыс Айтматов.
Жеңімпаз атанған роман – миграция туралы. Автордың айтуынша Молдавияда 4 миллион адам тұрады, соның 1 миллионы отбысын асырау үшін басқа елдерге барып жұмыс істейді. «Шын мәнінде бұл трагедия, балалар әке-шешесін көрмей өсуде. Екінші жағынан бұл күлкілі сюжет, молдавандардың Италияға қалай баратынын суреттейді. Сонымен бірге бұл роман арман, арманның артынан қуған адамдар туралы »

