Балаларға

“Инвестиция деген не?” сұрағына жауап іздесеңіз бүлдіршіндерге арналған “Қойшы бай” атты қазақ ертегісінің 8-9 беттерін оқыңыз :)

kzertegi.jpg

Сонымен бұл кітапшалар (көлемі 14х10 см) AZIA ANIMATION студиясының атынан шығарылған. Көлемі шағын, сапалы, менің ойымша, қымбат емес (90 тенге). Жалпы бір қарағанда маған ұнады. Сонымен бірге мұқабасында жоғары жағында “Бүлдіршіндер үшін”, “қазақ тілін үйренеміз”, “ертегі сөздік”, төменірек “Қазақ ертегісі” деген жазбалары да бар.

Бұған инвестицияның қатысы қанша деп ойларсыз. Мен де аталған беттерді оқығанда аузымды ашып қалдым :)

Сонымен, ертегіден үзінді (8-9 беттер, еш өзгертусіз алынды):

Осылайша Алдар Көсе мен бай күні бойы саудаласты. Кеш болды. Ақырында әбден жалыққан бай: “О, алаяқ! Таңертең ғана сенде ештеңе болмап еді, енді бір отар қойың бар!” – бақыра бастады. “Жоқ, бай, сенікі дұрыс емес, – деп қарсылық білдірді Алдар Көсе, таңертең үш жүз теңгем болатын. Мен оны қой сатып алу үшін инвестицияладым және ол маған пайда әкелді!

“Инвестиция деген не нәрсе?”- деп таң қалды бай. Алдар көсе ақшаны байдың мұрнына тақап тұрып, оған түсіндіре бастады. “Инвестиция дегеніміз ақшаны бір кәсіпке салу. Алдымен мен қозы сатып алу үшін үш жүз теңгені инвестицияладым, сонан соң саулықты, сосын қойды, осылайша бір отыр қойға ие болдым. Оның үстіне үш жүз теңге өзімде қалды!”

Бұл қандай қазақ ертегісі? Авторлық құқықты қорғайды ғой, сол сияқты “Қазақ ертегісін” де қорғау керек сияқты.

5 пікір

Filed under Кітаптар, балалар әдебиеті

5 пікір | Балаларға

  1. Қайта тақиясы мен шапанын орнында қалдырғанына шүкіршілік етейік. Меніңше Қожанасырдың Уолл Стритте тамағын жыртып биржада бақырып жатқаны туралы, Тазша баланың Руперт Мердоктың үлесін тартып алатыны туралы ертегілердің ауылы алыс емес сияқты мына түрлерімен…

  2. Айко

    өте дәл ертек екен. Бір сөзбен айтқанда “жынды”.
    Жақында ертек оқи бастап таң қалдым, кішкентай кезде фантазиям аздау болған екен дә, ал мына ертек дәл қазір маған арналған екен деп інім кетіп қалса да өзім әрі қарай оқи бердім. :) айтпағым былай, мен ертек оқи бастасам інім жалығып кетеді. Нинза, Члвк паук, Немо, Шрек жайында айтшы деп, мұндай балдарға Техносиндром айтпақшы дамыған ертек жазу керек шығар. Оған қала, фирма жайында президенттер жайында. сосын садик директоры жайында ертек қызық. Мақта қыз бен мысық баяғыда модадан қалған. Бастысы ертекті керемет жазып шығатын мықты экономист бар ма екен? :)
    Бір сөзбен айтқанда заман талабына сай етіп, ертектер жаза берсе де болады ғой, аудитория соны сұрап отыр. Ал сізбен бізге.., ата-бабамыздың байды, КЕДЕЙ жеңіпті деген ертегін оқып мәз болып жүре берейік :)

  3. Гульжан

    Салеметсиздерма! Осы казакша анимациялардын суретин кайдан алуга болады??? Мумкиншилик болса менин поштама бирнешеуин тастсаныздар?!

  4. Pingback: Қазақша анимациялардың суреттері | Қазақ тілі

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s