Жаңа айдар ашайын: Аудармасы жоқ.
Қазақ тіліне аударылмағандықтан, оқырманның қолына ешқашан тимейтін кітаптар.
Соның бірі: Люсьен Поластрон «От құшқан кітаптар. Кітапханалардың жойылу тарихы» ( Lucien X. Polastron «Books on Fire: The Destruction of Libraries throughout History» / Libros en llamas. Historia de la interminable destruccion de bibliotecas. 2007)
Entries from Наурыз 2008
Наурыз 29, 2008
Біз оқымайтын кітаптар
Наурыз 27, 2008
Балаларға
“Инвестиция деген не?” сұрағына жауап іздесеңіз бүлдіршіндерге арналған “Қойшы бай” атты қазақ ертегісінің 8-9 беттерін оқыңыз
Сонымен бұл кітапшалар (көлемі 14х10 см) AZIA ANIMATION студиясының атынан шығарылған. Көлемі шағын, сапалы, менің ойымша, қымбат емес (90 тенге). Жалпы бір қарағанда маған ұнады. Сонымен бірге мұқабасында жоғары жағында “Бүлдіршіндер үшін”, “қазақ тілін үйренеміз”, “ертегі сөздік”, [...]
Наурыз 25, 2008
Le Petit Prince
Осы кітаптың қазақшаға аударылғанын білетінмін (жазған Антуан де Сент-Экзюпери). Бірақ оның екі аудармасы бар екенін білмеппін.
«Кішкентай Шахзада» атымен 1967 жылы «Жазушы» баспасынан шығыпты. Аударған Т.Әлімқұлов.
«Кішкентай ханзада» болып 2004 жылы Жанар Қонаеваның аудармасымен жарық көріпті.
Кішкентай ханзаданың тағы да қандай тілдерге аударылғанын білгіңіз келсе мына жерге барыңыз
Оқып, салыстырып көргендеріңіз бар ма? [...]
Наурыз 20, 2008
Strategies of Genius
Роберт Дилтстің (Robert B Dilts) «Strategies of Genius» («Стратегии гениев») атты кітабын оқығандарың бар ма?

