Entries from Ақпан 2008

Ақпан 29, 2008

………..

Мына жерден оқығаным 

Про живое
 – По-моему, в страданиях тоже есть удовольствие. Мне очень нравится иногда и пострадать. Ты ощущаешь, что ты тоже живая и у тебя есть сердце. И жизнь, несмотря ни на что, вещь прекрасная 
Страдание сөзінің сөздіктегі аудармалары: Қасірет, тақсірет, тарығушылық, жапа, сергелдең, азап, жапакөру, жапа шегу, қайғы-қасірет, қайғы, бейнет, жан қайғы, жүдеу 
Неге бәрін [...]

Ақпан 29, 2008

Күнтізбе: күнде мейрам, …

Назарларыңызға мына күнтізбені ұсынамын. On-line нұсқасын мына жерден көруге болады.

Осы күнтізбені қарап отырып:

26 ақпан – Ертегі айту күні

27 ақпан – Ақ аю күні
29 ақпан – Кібісе күні (Leap Year Day-дің аудармасын іздеп отырып, тапқаным ғой. Орысша – високосный год) 
Кібісе күні туралы мына жерден толығырақ оқысаңыздар болады.  
Ерінбегендер мүмкін біздің елімізге сәйкес келетін осындай күнтізбесе жасаса [...]

Ақпан 28, 2008

2007 жылдың үздік кітабы

ҚазАқпараттан осындай тақырып оқып,  “ооо” деп жатсам, шын мәнінде суретшілердің (кітап безендірушілер, суретші-дизайнерлер, суретші-иллюстраторлар) арасында өткізілген республикалық байқаудың жеңімпаздарын ақпанның 29-ында Орталық көрме залында марапаттайды екен.
Өте жақсы екен, Қазақстанда екінші рет өткізілейін деп жатыр (Былтыр қай кітаптың безендірілуі үздік деп танылды екен? Білесіздер ме?)
Жолдарыңыз түсіп барып жатсаңыздар, ойларыңызбен бөлісерсіздер  

Ақпан 23, 2008

Осы аптада не оқып жатырсыз?

Сенбі күні қолыма “Практическая журналистика в Казахстане” (2006 ж.) деген оқу құралы түсті. MediaNet Халықаралық журналистика орталығы шығарған. Кәсіби, сонымен бірге азаматтық журналистикаға аяқ басып жатқандардың барлығы оқыса артық етпейді деп ойлаймын. 

Ақпан 17, 2008

Жаңа кітап

Ресей Ғылым академиясының Шығыстану институтының баспасы «Шығыс әйелі әдебиет пен қоғамда» атты кітап шығарған. Кітап туралы мына жерден оқи аласыздар.
Осы тақырыпта тағы бір мақаланы оқысаңыздар болады.