2008 жылдың бірінші күнінен бастап Францияда эксперимент жүріп жатыр. Франциядағы 14 мемлекеттік мұражайға ақысыз кіруге мүмкіндік бар. Мысалы, Гимэ шығыс мәдениетінің мұражайы, Клюни мұражайы, Экуане қаласындағы Ұлттық өнер мұражайы т.б. Сонымне бірге аптасына бір рет жастар (26 жасқа дейінгі) Луврға және Қазіргі заман өнері мұражайына кіре алады.
Басты мақсаты мұражайға келушілерді санын арттыру.
Әрине бұл эксперименттің нәтижесі туралы түрлі пікірлер айтылуда, соның бірі осы уақытқа дейін мұражайға бармаған адам, оны ақысыз қылғандықтан баратындығына күмән келтіруде. Мамандардың ойынша басты мәселе «адамдардың мәдениетке деген талғамын дамыту, мұражайға саналы түрде қызығушылық танытуды тәрбиелеу т.б.»


6 Пікір
Қаңтар 14, 2008 at 6:57 тк
Chengen visasin alip barip kaitaik
Қаңтар 15, 2008 at 6:11 тк
Bizdin Atyrauda tegin tugili altin beremin desen de bara koymas, onday madeniyetke halik ali jete almay jur, sira nasihattauimiz az shigar. Murajay madeniyetin Shimkent kalasinan bastau aldim, oytkeni ontustik tarihi origa ote bay, sosin Suret kormeleri unaydi. Jalpi murajay adamnin sharshaganin basip bir sat otken omirge oysha oralip solarmen kauiship, konil bir sat tarihka degen mahabbat oyatadi. Magan tarihti murajaymen ushtastira tusindirgeni unaydi.
Қаңтар 17, 2008 at 8:06 тд
Arasynda shynymen de karjy tapshylygynan murajaiga kire almagandar koptep kezdeser…
Қаңтар 18, 2008 at 7:42 тк
Біздің Ақтөбеде Әлия Моладғұова атындағы музей бар. Айтарлықтай экспонат жоқ. Қолдан жасалған соғыс даласынан көріністер мен бір-екі түйір хаттары және құжаттары.
Айтайын дегенім осы бір музейдің қызметкері Әлия туралы майын тамызып айтқанда, кірсең – шыққың келмейді. Аз-мұз экспонат көз алдыңда аңызға айналып, ана медальдарды тағып жүрген, мына тұрған құжаттарға қол қойып жатқан Әлия әжемізді елестетесің.
Геологиялық музей бар. Гидтері – құстұмау адам келгендей кісікиіктеніп қаша жөнеледі. Он есе қызық экспонаттары болса да, өздерімен өздері шәйді бұрқыратып ішіп отырған шархатты апайлар.
Осыдан түйгенім: адамы өз ісін көрсете білсе, соның фанаты болса, мұражайға бармайтын адам жоқ. Мәдениет бар, мәдениет өкілдерінде соны жарнамалап көрсете білетін адам жоқ.
Қаңтар 19, 2008 at 1:40 тк
2technosyndrom – tagy da tolemaky maselesi
madeniettanu men tarih fak-nin studentteri mamandygy boiynsha kyzmette degen sirek kezdesedi.
Қаңтар 19, 2008 at 5:47 тк
Бүгін жұмысымыз біраз саябырлап, түстен кейін шет елден келген әріптестеріммен Алматыдағы ең үлкен мұражайға бардым. Билеті жүз-ақ тенге. Бірақ барлық залға кіре алмадық, жөндеу жұмыстары жүріп жатыр дейді. Бір қызығы қосымша ақша (1000, 1500 тенге) төлеп тағы екі залға кіруге болады екен. Кім ол жердегі экспонаттарды көретінін түсінбедім, өйткені бүгін мен мұражайда көрген оқушылар және басқа да адамдар ол залдарға барған жоқ. Тағы бір қызығы, үйленіп жатқан жас жұпты мұражайдың ішінен көрдік. Достарымен бірге аралап жүр