Қазақ радиосын мына жерден тыңдай аласыздар. “Тікелей эфир” нүктесін басуды ұмытпаңыздар.
Entries from Қаңтар 2008
Қаңтар 27, 2008
Бәйге
Бұл хабарландыру «Жетісу » газетінде 2008 жылы 5 қаңтарда жарияланған
Бәйге! Бәйге! Бәйге!
«ZHERSU» ( бұрынғы TSC- group) корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар Одағы бірігіп балаларға арналған шығармаларға дәстүрлі «Дарабоз» халықаралық бәйгесін жариялайды. Жабық бәйгенің негізгі мақсаты жас өскінді өз кітабына бет бұрғызу, жазушыларға қолдау көрсету, жас ұрпақтың туған еліне сүйіспеншілігін қалыптастырып, ұлтжанды, білімді өскелең ұрпақ тәрбиелеу.
Бәйгеге (1-8 [...]
Қаңтар 21, 2008
Ұлттық электронды кітапхананың қызмет көрсету сапасы қандай?
Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананың қызмет көрсетіп жатқандығын білетін боларсыздар. Мен де кітапханадағы қормен танысуды ұйғардым.
Кітапхананы пайдалану оңай емес екен, біраз қиналуға тура келді. Басқа қолданушылардың да қиналғанын «Кітапханашыға сұрақ» айдарында қойылған сауалдар арқылы көруге болады.
Қаңтар 20, 2008
Жыл сөзі
Негізі біраз елдерде (АҚШ, Жапония т.б.) жылдың соңында «жыл сөзі» таңдалады. Мысалы, 2007 жылы Ресейде бірінші рет осындай таңдау жүргізілген және тіл мамандарының шешімімен «нанотехнология» жыл сөзі болып таңдалыпты.
Бұл сөз негізінде белгілі бір уақыт кезеңіндегі қандай-да бір елде болып жатқан ең маңызды өзгерістерді сипаттайтындай болуы керек.
Біз де өз күшімізбен сауалнама жүргізіп көрейік:
Сіз үшін өткен жылы [...]
Қаңтар 14, 2008
Мұражайға тегін кіргіңіз келе ме?
2008 жылдың бірінші күнінен бастап Францияда эксперимент жүріп жатыр. Франциядағы 14 мемлекеттік мұражайға ақысыз кіруге мүмкіндік бар. Мысалы, Гимэ шығыс мәдениетінің мұражайы, Клюни мұражайы, Экуане қаласындағы Ұлттық өнер мұражайы т.б. Сонымне бірге аптасына бір рет жастар (26 жасқа дейінгі) Луврға және Қазіргі заман өнері мұражайына кіре алады.
Басты мақсаты мұражайға келушілерді санын арттыру.
Әрине бұл эксперименттің [...]

