Негізі PS-ті хабардың соңына қояды, мен керісінше істейін.
PS: төменде жазылғандарды technosyndrom оқыса мәз болатын болды.
Нобель сыйлығына пародия ретінде 1991 жылдан бастап ИгНобель сыйлығы (Ig Nobel Prize) қазан айының бірінші жартысында беріледі. «Адамдарды бірінші күлдіретін, сонан кейін ойландыратын» жаңалықтар таңдалынып алынады. Сонымен бірге сыйлықты қайталауға және өмірге ендіруге болмайтын «ғылыми жетістіктерге» беріледі.
Таңдалынып алынатын 10 сыйлық Гарвард университетіндегі Сэндерс-театрда (Harvard University’s Sanders Theater) ұсынылады.
Атаудың шығуын былай түсіндіреді: сөздің ұқсастығына құрылған, ағылшын тілінде ignoble» деген сөз бар және «Nobel» (Алфред Нобель, nobel) сөзі. Бұл сөзді дыбыстағанда «ignoble»сөзі сияқты емес, былай дыбыстау керек дейді: /,ɪgnoʊ, bɛl/ (“ig no-BELL”).Сонымен бірге “incredibly genuine” сөзтіркесінен қысқартылған деп те түсіндіреді.
Бұл сыйлық не үшін берілгенінен мысалдар келтірейін:
2002 жыл – Бейбітшілік сыйлығы жапон зерттеушілеріне (Keita Sato, President of Takara Co., Dr. Matsumi Suzuki, President of Japan Acoustic Lab, and Dr. Norio Kogure, Executive Director, Kogure Veterinary Hospital) иттің үруін жапон тіліне аударатын құрал ойлап тапқандары үшін берілді. Марапаттау кезінде «Биологиялық түрлер арасында бейбітшілік пен гармония орнатқаны үшін» деп айтылды.
2002 жыл – «Гигиена» номинациясы бойынша испан ойлаптапқышы Эдуардо Сегура мысықтар мен иттерге арналған кір жуу машинасын ойлап тапқаны үшін берілді.
2001 жыл – Бейбітшілік сыйлығы ҰлыБританияның әскери-теңіз флотына оқу жарыстары кезінде ақшаны үнемдеу мақсатында “Кембридж” оқу кораблінің курсант-артиллеристеріне зеңбіріктен атудың орнына «ба-бах» деп айқайлауға бұйрық бергені үшін берілді. (Бірақ үнемделген ақша миллион фунт стерлингті құраған)
2000 жыл – Канзас штатының (АҚШ) Білім департаменті жергілікті мектептерде Дарвин теориясын оқытуды тиым салғаны үшін алды.
1992 жылы «Әдебиет» номинациясы бойынша Юрий Стручков (Мәскеу)1981-1990-жылдар аралығында 948 ғылыми мақала жариялағаны үшін алды. Сонда ол әрбір 3,9 күн сайын бір мақала жазып отырған.


4 Пікір
Қазан 17, 2007 at 12:18 тк
IgNobel комитетіне!
Қазақстан атынан келесі кандидатураларды ұсынамын:
Қазақстан Үкіметі – инновациялық даму стратегиясы үшін;
Қазақстан Үкіметі – экономиканы кластерлеуде жеткен табыстары үшін;
Бақытгүл Салихова – шығармадағы “P.S.” қыстырмасының жаңа үлгісі үшін, яғни – “Ante Scriptum – A.S.”
Қазан 17, 2007 at 3:09 тк
Рахмет, бірақ бұл үшін сәз KazIgNobel сыйлығын ұйымдастыруыңыз керек сияқты
Қазан 18, 2007 at 2:54 тд
Бақытгүлге “P.S.” қыстырмасының жаңа үлгісі үшін, яғни – “Ante Scriptum – A.S.” KazIgNobel сыйлығын беруге келісемін
Қазан 18, 2007 at 3:16 тд
Сіздер жоқ нәрсені беруге дайын болсаңдар, мен алуға дайын емеспін