Қазан 12, 2007...6:56 тд

Әдебиеттен Нобель сыйлығы-2007

Jump to Comments

 Ағылышн жазушысы Дорис Лессинг әдебиеттен Нобель сыйлығын алды. Оның жасы 87-де және қазіргі таңда осы сыйлықты алған ең қарт адам болып отыр. Бұған дейін 1902 жылы 85 жаста әдебиеттен сыйлық алған Теодор Моммзен болатын.

Дорис Лессинг қазіргі таңда суфизм идеяларымен ұштасқан ғылыми фантастика жанрында жазатын британдық танымал жазушылардың бірі болып саналады.

3 Пікір

  • Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына мен түсінбеймін. Меніңше, ағылшын, француз, неміс тіліндегі нұсқасы болуы міндетті ме деймін. Әйтпесе, көптеген Нобельдік шығармалармен таныспын, дегенмен, біздің Мұхтар мен Мұқағали анау – мынау еуропалық жазмышыңнан кем түспейд! Мысалы, дәл сол антұрған Солженицынның ГУЛАГЫН оригинал түрінде оқыдым. Ешқандай әдеби көркемдік көргенім жоқ…
    Жалпы халықаралық деген сипатын алып тастаса болар еді олар. Шынында да, қандай комитет болмасын, дүниенің қай бұрышында қандай шығарма туындап жатқанына қайдан кепілдік береді?

  • Әрине, шығарма дүние жүзіне танымал болу үшін ағылшын, француз, неміс т.б. тілдерде нұсқасы болуы міндетті. Сонымен бірге шығарманы танымал ететін іс-шаралар да жасау керек. Нобель сыйлығы жазушының жалпы әдебиет саласына қосқан үлесі үшін беріледі. Бұл сыйлық туралы түрлі алып қашпа сөздер айтылғанымен, менің ойымша, бұл сыйлық шын мәнінде лайықты адамдарға ұсынылады.

  • Нобель комитеті дегенмен барлық ұсынылған жазушыларды сараламайтын шығар дегенім ғой. Әрі Еуропалықтарда өзара аударма ісі жете дамыған ғой, себебі, барлығы бір романдық тілдер тобына жатады. Мысалы қырғыз тіліндегі әдебиет итальян тілінен гөрі қазақ тіліне сәтті аударылатын сияқты, мейлінше ұқсас мәдениетпен өскенбіз ғой.
    Лайықты адамды біреулер көрсету бар да, мыңдаған адамның жүрегінде жүрген лайықты адам бар дегенім ғой.
    Дегенмен олардың объективтілігіне күмәнім бар…


Жауап қалдырыңыз