Қазанның тоғызында Франкфуртта халықаралық кітап көрмесі ашылды. Осы көрмеде неміс кітап сатушылар одағы тағайындайтын сыйлықтың лауреаты болып Юлия Франк аталды. Бұл сыйлық оған 2007 жылдың неміс тіліндегі ең таңдаулы романын жазғаны үшін берілді. Бұл роман «Die Mittagsfrau» деп аталады. Романның атауына славян мифологиясында мынадай түсініктеме береді: бұл ыстық талтүстің рухы, ол, халықтың айтуынша, түскі уақытта демалудың орнына алқапта жұмыс істейтіндерге келеді.
Юлия 37жаста, төрт роман, екі әңгімелер жинағының авторы. Оның бірінші романы он жыл бұрын Цюрихте жарық көрді және «Жаңа аспазшы» деп аталды.

