Entries from Қазан 2007

Қазан 17, 2007

IgНобель сыйлығы

 Негізі PS-ті хабардың соңына қояды, мен керісінше істейін.
PS: төменде жазылғандарды technosyndrom оқыса мәз болатын болды.
Нобель сыйлығына пародия ретінде 1991 жылдан бастап ИгНобель сыйлығы (Ig Nobel Prize) қазан айының бірінші жартысында беріледі. «Адамдарды бірінші күлдіретін, сонан кейін ойландыратын» жаңалықтар таңдалынып алынады. Сонымен бірге сыйлықты қайталауға және өмірге ендіруге болмайтын «ғылыми жетістіктерге» беріледі.
 

Қазан 15, 2007

Жетістікке жету

 Саясатта, бизнесте т.б. салаларда дүние жүзіне танымал адамдардың, компаниялардың жетістігін сипаттап жазған кітаптар толып жатыр, бірақ қазақшаға аударылмағандықтан оқи алмайсыз.  
Меніңше мұндай кітаптарды оқып тұру керек (қай тілде болса да), сіздің де  жетістікке жетуіңізге сеп болуы сөзсіз ғой. Сондықтан осындай кітаптардан өзіме ұнаған ойларды жазып тұрайын деп ойладым.
Ричард Бренсон (Richard Brenson) Британия өкілі, бизнесмен, Virgin [...]

Қазан 12, 2007

Әдебиеттен Нобель сыйлығы-2007

 Ағылышн жазушысы Дорис Лессинг әдебиеттен Нобель сыйлығын алды. Оның жасы 87-де және қазіргі таңда осы сыйлықты алған ең қарт адам болып отыр. Бұған дейін 1902 жылы 85 жаста әдебиеттен сыйлық алған Теодор Моммзен болатын.

Дорис Лессинг қазіргі таңда суфизм идеяларымен ұштасқан ғылыми фантастика жанрында жазатын британдық танымал жазушылардың бірі болып саналады.

Қазан 10, 2007

Неміс тіліндегі ең таңдаулы роман

Қазанның тоғызында Франкфуртта халықаралық кітап көрмесі ашылды. Осы көрмеде неміс кітап сатушылар одағы тағайындайтын сыйлықтың лауреаты болып Юлия Франк аталды. Бұл сыйлық оған 2007 жылдың неміс тіліндегі ең таңдаулы романын жазғаны үшін берілді. Бұл роман «Die Mittagsfrau» деп аталады. Романның атауына славян мифологиясында мынадай түсініктеме береді: бұл ыстық талтүстің рухы, ол, халықтың айтуынша, түскі уақытта [...]

Қазан 4, 2007

Халықаралық кітап көрмесі

 Барселонада «Либер» халықаралық кітап көрмесі ашылды. Бұл көрмеге 17 елдің баспагерлері қатысып жатыр. Халықаралық баспагерлер одағының бұрынғы президенті Пере Висенске кітап шығару ісіне қосқан ерен еңбегі үшін сыйлық тапсырылады. Үш күнге созылатын көрме жұмысын көруге 120 мың адам келеді деп күтілуде.