Қыркүйек 25, 2007...11:23 тд

Полькон

Jump to Comments

Осылай Польшада өткізілетін фантастиканы сүйетіндер қауымдастығының съезі аталады. Осы жылы қыркүйекте Варшавада «Полькон» 22-ші рет өткізілді. Польшада фантастика десе ең бірінші еске Станислав Лем (2006 жылы қайтыс болған) түседі екен.Съезд өткізілген қонақ үй түрлі фантастикалық құрылымдарға және белгілі фантастикалық шығармалар мен фильмдердің басты кейіпкерлерінің киімдерін киген адамдарға толы болған.Съезд барысында түрлі ойындар ойналып, фантаст-жазушылармен кездесулер өткізілген, комикстерге де көп көңіл бөлінген. Ескере кететін жай бұл съезд коммерциялық емес, ол жылда басқа қалаларда өткізіліп тұрады. Сондықтан өткізілген қаладағы фантастикамен қызығатындардың жергілікті клубтары ұйымдастыру жұмыстарын өз мойындарына алады.Полькон-2007 Януш Зайдля атындағы әдеби сыйлық беруімен ерекшеленді. Бұл Польшадағы фантаст-жазушылар үшін ең мерейлі сыйлық болып саналады. Бұл жылы сыйлықты Мая Лидия Коссовска Ярослав Гжендович алды.

Егер 1999 жылы съезге 1200 қонақ келген болса, биыл 2000 адам жиналған көрінеді.

Жауап қалдырыңыз