Құрбым Мәскеуден келді. Ол онда IT семинарға барып қайтты. Менің өтінішім бойынша Фредерик Бегбедердің “XX ғасырдың таңдаулы кітаптары” деген кітабын ала келді. Алматының кітап дүкенінде бұл кітапты екі-үш ай бұрын көргенмін, бірақ қымбат деп ойлап алмай қойған болатынмын.
Енді міне осы кітап туралы кішкене сөз қозғайын.Кішкене тарихы. 1999 жылдың жазында Франциядағы кітап дүкендер жүйесі бюллетендер таратып, жұртшылықтың пікірін сұрайды. Бюллетенге әдеби сыншылар мен кітап сатушылардың тобы құраған 200 шығарма кіреді. Нәтижесінде 6000 француздан жауап келіп, 50 кітап таңдалып алынады. Фредерик Бегбедердің бұл кітабы осы таңдалынған 50 кітапқа берген қысқа, ұтымды, автордың субъективті пікірлерінен тұрады.
Қазір мазмұнына тоқталмаймын. Тек қана осы тізімге қандай кітаптар кіргенін көріңіздер.Жалғасы тағы бар.PS: Фредерик Бегбедер: 1965 жылы туған. Француз жазушысы, сыншы, журналист.

Қыркүйек 7, 2007...9:56 тд
XX ғасырдың таңдаулы кітаптары
Jump to Comments


2 Пікір
Қыркүйек 7, 2007 at 1:09 тк
Елу елдің қатарына қосылмастан бұрын, елу кітап қатарына қосылып алсақ қайтеді екен?
Қыркүйек 8, 2007 at 5:52 тд
Sen tek kana sirttan bakilayshi bolgin kele me? Eger Kazakhstan 50 eldin katarina kosilip jatsa onda senin de ylesin boladi goi
Byl jerde nege 50 kitap tandalganin eshkim bilmeidi, jai birey solai aita salgan goi.