Entries from Қыркүйек 2007

Қыркүйек 25, 2007

Полькон

Осылай Польшада өткізілетін фантастиканы сүйетіндер қауымдастығының съезі аталады. Осы жылы қыркүйекте Варшавада «Полькон» 22-ші рет өткізілді. Польшада фантастика десе ең бірінші еске Станислав Лем (2006 жылы қайтыс болған) түседі екен.Съезд өткізілген қонақ үй түрлі фантастикалық құрылымдарға және белгілі фантастикалық шығармалар мен фильмдердің басты кейіпкерлерінің киімдерін киген адамдарға толы болған.

Қыркүйек 10, 2007

Таңдаулы шығармалардан

 Алдыңғы хабарда жазған кітап (“XX ғасырдың таңдаулы кітаптары”) негізінен барлығыңызға оқуға ұсынуға болатын кітаптар қатарына жатпайды деп ойлаймын.

Өйткені бұл қазіргі заманда тұрып жатқан адамның (Фредерик Бегбедердің) бұрынырақ жазылған шығармаларға берген өзіндік пікірі (оның ойымен келісуге де, келіспеуге де болады). Өзі де біраз елдерде танымал жазушы болғандықтан мына тізімде неге мен жоқпын деп те әзілдеп қояды. [...]

Қыркүйек 7, 2007

XX ғасырдың таңдаулы кітаптары

Құрбым Мәскеуден келді. Ол онда IT семинарға барып қайтты. Менің өтінішім бойынша Фредерик Бегбедердің “XX ғасырдың таңдаулы кітаптары” деген кітабын ала келді. Алматының кітап дүкенінде бұл кітапты екі-үш ай бұрын көргенмін, бірақ қымбат деп ойлап алмай қойған болатынмын.

Енді міне осы кітап туралы кішкене сөз қозғайын.Кішкене тарихы. 1999 жылдың жазында Франциядағы кітап дүкендер жүйесі бюллетендер [...]

Қыркүйек 5, 2007

Жетінші халықаралық әдеби фестиваль

Берлинде жетінші халықаралық әдеби фестиваль өтіп жатыр. Фестивальге 51 елдің жазушылары қатысуда. Қонақтардың ішінде – Нобел сыйлығыныың лауреаттары Гюнтер Грасс (Алмания), Воле Шойинка (Нигерия), Джон Кутзее (Оңтүстік Африка), Надин Гордимер (Оңтүстік Африка), израил жазушылары Давид Гроссман және Арон Аппелфелд, Чилиден Изабель Альенде, Перуден Марио Варгас Льоса және тағы басқалары бар.
Фестивалде 60 жазушының мәтіндері оқылады, басты [...]

Қыркүйек 3, 2007

«Эстеттерді иттің етінен жек көретінге»

“Эстеттерді иттің етінен жек көретіндей” соншама не болыпты деп ойлап, осы туралы жазуға уақыт таппай емес, сәті түспей жүр еді. Бүгін уақыты келген сияқты.
Бірінші, түсінікті талдап алайық. Қазақ тілінде on-line әдебиет энциклопедиясы да, түсіндірмелі сөздік те болмағасын орыс тіліндегі энциклопедияларға жүгінуге тура келді.
Сонымен «Үлкен совет экциклопедиясы» былай дейді:
Эстет (грек тілінен aisthetes – сезінетін, қабылдайтын) – [...]