Маусым 6, 2007...5:00 тд

Атақты адамдар хаттарының коллекциясы

Jump to Comments


Christie’s аукционында соңғы 500 жылдың атақты адамдарының жазған хаттарының коллекциясы қойылған.

Бұл хаттар коллекционер Албин Шрамның Лозаннадағы (Швейцария) үйінің жертөлесінде табылған. Коллекционердің өзі 2005 жылы қайтыс болған болатын.

Коллекцияда мыңға жуық хаттардың түпнұсқалары бар. Олардың ішінде ағылшын королевасы Елизавета I, Наполеон Бонопарттың, ағылшын ақыны Джон Донның, теолог Жан Кальвиннің, Людвиг ван Бетховеннің, Альберт Эйнштейннің, Исаак Ньютонның, Эрнст Хемингуэйдің, Шорлотте Бронтенің, Чарльз Дарвиннің, Франсуа Вольтердің, Льюис Кэрроллдің, Уинстон Черчильдің, Махатма Гандидің, Клод Моненің, Даниэл Дефоның, Александр Пушкиннің, Петр Чайковскийдің, Федор Достоевскийдің хаттары бар.

Австриялық Шрам бұл хаттарды 1970 жылдары Еуропа аукциондарынан сатып ала бастады. 30 жыл ішінде ол тарихи құжаттардың ең құнды коллекциясын жинады. Қазіргі кезде бұл коллекция 4,6 млн. долларға бағаланады.

1 Пікір


Жауап қалдырыңыз