“Интерфакс-Қазақстан” агенттігінің баспасөз орталығында “Менің отаным – Қазақстан” жобасын бастауға старт берілді
Алматы. 22-мамыр. ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН
– Қазақстанда республикадағы ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған “Менің отаным – Қазақстан” мәдени жобасы басталды.
“Менің отаным – Қазақстан” жобасының мақсаты елдің мәдени әлеуетін тиімді пайдалану, республика халықтарының өз Отанына деген патриоттық көзқарасын дамыту арқылы Қазақстан халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді әрі қарай нығайту болып табылады”, – деп қазақстандық белгілі жазушы Дулат Исабеков бүгін Алматыда “Интерфакс-Қазақстан” агенттігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қазақстанда тұратын әр халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы ұмыт болмауы тиіс.
Осы жылдың маусым айынан бастап желтоқсан айына дейін өтетін мәдени жобаның бастамашысы “Альянс банк” болып табылады. Жобаны ұйымдастырушылардың осы баспасөз мәслихатында таратқан хабарламасына сәйкес, оның шеңберінде “Қазақстан – менің тағдырым” атты үздік очерк, “Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері” атты фотоконкурс және “Жер және Қазақстанның адамдары” атты әуесқойлық бейнеге конкурс өткізіледі.
Конкурсқа республиканың барлық азаматтары қатыса алады. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Конкурс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болады. Үздік очерк конкурсында бірінші орынға 200 мың теңге сыйақы, екінші орын – 100 мың теңге, үшінші орын – 50 мың теңге, сондай-ақ 20 мың теңгеден бес ынталандыру сыйлық тағайындалған. Фотоконкурста: бірінші орынға – 150 мың теңге, 2 орынға – 100 мың теңге, үшінші орынға – 50 мың теңге және 20 мың теңгеден бес ынталандыру сыйлығы беріледі. Әуесқой бейне конкурсында: бірінші орынға – 500 мың теңге, екінші орынға – 250 мың теңге, үшіші орынға – 120 мың теңге және 50 мың теңгеден бес мадақтау сыйлығы беріледі.
Конкурстың әділ қазілар алқасының құрамына қазақстандық белгілі жазушылар Д.Исабеков және Герольд Бельгер, кинодраматург Лаврентий Сон, “Халықаралық Демократиялық Қоғам” фотоклубының президенті Валерий Коренчук, Қазіргі заманның өнер орталығының директоры Валерия Ыбыраева, кинорежиссер Әмір Қарақұлов кіреді.
Конкурсқа қатысу үшін “Альянс банктің” баспасөз қызметіне хабарласу керек.
Мамыр 30, 2007...9:26 тд
"Менің отаным – Қазақстан" жобасы басталады
Jump to Comments


3 Пікір
Маусым 6, 2007 at 5:16 тд
бәрібір бұл жоба туралы ешкім де білмейді, альянсөбанк жарнама бермеген соң халық қайдан білсін…
қарап көріңіз, бәйге біткен немесе бітер кезде жарнама басталады, сосын жастарды емес, баяғыда аты шығып, сосын ұмытылып үлгерген, бірақ жюри мүшелеремін немесе банк иелерімен қарым-қатынасы жақсы жазушылар мен операторларды, фотографтарды жеңіп шықты деп хабар береді.
жастарды шынымен қолдайтын банк те, ұйым да бұл елде табылмас
Маусым 6, 2007 at 9:04 тд
Құрметті оқырман,
Бұл хабарды теледидарда, бір-екі сайттарда да хабарлаған болатын. Естіген, білгеніңізді әрі қарай басқаларға айта жүрсеңіз артық болмас. Мысалы тек қана қазақ тіліндегі сайттардың біреуі де бұл жаңалықты хабарлаған жоқ. Бұл жаңалықты беру банкті жарнамалау емес, көпшілікке болып жатқан жаңалықты уақытында беру деп түсінемін. Сондықтан өз таныстарын жеңдіреді демей, өз үлесіңізді қосып қатысыңыз.
Маусым 7, 2007 at 9:26 тд
дорогая моя, а я чем занимаюсь!!! ладно пойду рассказывать дальше все своим друзьм… но дело в том что все мои друзья русскоязычные, даже если они казахи….